Құрметті достар, Сіздерге «Отандастар қоры» жанындағы Қандастарды ақпараттық қолдау орталығына жүгінген қандастарымыздың қуанышымен бөлісеміз.
Ақиқат Жаханұлы мен Дүнгенбай Ермахан есімді қандастарымыз Қытайдан 2019 жылы Алматы облысына көшіп келіп, екі жыл бойы ҚР азаматтығына қол жеткізе алмаған. Қазіргі уақытта «Отандастар қорының» қолдауымен қандастарымыз құжаттарын реттеп, Қазақстан Республикасының азаматтығына қол жеткізді.
Осы тұста айта кететін жайт, қандастарымызға ешбір делдалға жүгінбеуге кеңес береміз! Сондай-ақ, ақпараттық кеңес алу үшін «Отандастар қорының» 1404 байланыс нөміріне тегін хабарласа аласыздар!