Қандас талапкерлердің жоғарғы оқу орнына құжат тапсыруы ақылы түрде жүргізіліп жатқаны туралы ақпараттар келіп түсуде.
Осы мәселені ескере отыра, "Отандастар Қоры" келесідей ресімей мәлімдеме жасайды:
Қазақстандық азаматтығы жоқ ұлты қазақ тұлғалар үшін мемлекеттік гранттың 4 % квотасы беріледі.
Сонымен қатар, аталған мемлекеттік грантты иелену үшін тапсырылатын құжаттар және Дайындық бөлімдеріне құжаттар тапсыру процесі ТЕГІН жүзеге асырылады.
Қосымша сұрақтар болса +7 701 000 1404 нөмеріне немесе «Отандастар Қоры» КеАҚ-ның әлеуметтік желідегі парақшаларына жазып біле аласыздар!