«Отандастар қоры» КЕАҚ-тың 2020 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша есеп

14 Шілде, 2021

  1. Шетелдегі отандастарды қолдау

«Абай Үйі» мәдени-іскерлік үйі жобасы.

ZOOM бағдарламасы бойынша әлемнің 17 елінен (Франция, Испания, Ресей, Оңтүстік Корея, Дания, АҚШ, Моңғолия, Түркия, Бельгия, Швейцария, Германия, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Беларусь, Швеция) шетелдегі қазақ мәдени орталықтарымен 13 онлайн конференция өткізілді. 150-ден астам адам қамтылды.

2020 жылы әлемнің 9 елінен (Ресей ‒ 6, Қырғызстан, Түркия ‒ 3, Швецария ‒ 2, Нидерланды-Голландия, Латвия, Аргентина, Германия, Япония) қазақ мәдени орталықтарымен ынтымақтастық туралы 17 Меморандумға қол қойылды, жәнеде 2 Меморандум «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және Ұлттық аударма бюросымен.

2020 жылы серіктестермен «Abaı Úıi» МІҮ 5 өкілдігі ашылды: «Омбы қазақтары» РҚБ (Омбы қ., Ресей); «Өзбекстандағы қазақ мәдени-іскерлік орталығы» (Ташкент қ., Өзбекстан); «Қазақ-түрік білім беру қоғамы» (Стамбул қ., Түркия); Германия-Қазақстан қоғамы (Берлин қ., Германия); «Достық» Қазақ мәдени қоғамы (Киев қ., Украина).

Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау мақсатында Қоғам 2020 жылы МІҮ-ды стандартты жиынтығымен жабдықтау бойынша жобаны іске асырды ‒ 5 «Abaı Úıi» МІҮ бойынша серіктестерге тапсырылды.

3 онлайн-конференция өткізілді:

  • ҚР Германиядағы Елшісінің, еуропалық қазақ мәдени орталықтарының ғалымдары мен басшыларының қатысуымен Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған;
  • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша шетелдік отандастардың қатысуымен;
  • «El.kz» порталының тұсаукесері бойынша, Ақпарат және Қоғамдық Даму вице-министрінің қатысуымен, 13 елден 14 қазақ мәдени орталықтарының басшылары (Ресей-2, Моңғолия, Өзбекстан, АҚШ, Германия, Түркия, Қырғызстан, Беларусь, Швеция, Бельгия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Испания), ҚР СІМ, Қоғамның және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

2020 жылғы 26 қарашада ‒ «Abaı Úıi» МІҮ жобасы шеңберінде, «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ және «Омбы қазақтары» РҚБ бірлесіп «Отандастар күні» іс-шарасын өткізді.

Отандастардың қатысуымен мәдени-ауқымды іс-шаралар.

  1. «Отандастар» оқу залының ашылуы.

2020 жылдың 27 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының базасында «Отандастар» оқу залының ашылуы және «Қазақ әлемі» ‒ «Мир казахов» кітабының электрондық нұсқасының тұсаукесері өтті.

  1. Онлайн-Наурыз.

2020 жылдың 19 наурызында «ONLINE-NAURYZ» онлайн-іс-шарасы өткізілді. Қатысушылар саны 100-ден астам этникалық қазақтар 8 елден: АҚШ, Иран, Германия, Швеция, Дания, Моңғолия, Ресей, Түркия және қандастар.

  1. «Hazifa_otandastar_mektebi» шеберлік мектебі онлайн-жобасы.

2020 жылдың 2 сәуірінен бастап отандастарға ұлттық қолданбалы өнерін оқыту. Instagramда «hazifa_otandastar_mektebi» парақшасында аптасына 2 рет тікелей эфир. 3 500 адам шет елдердегі қазақтармен қандастар. 49 онлайн сабақ және 23 мастер-класстар өткізілді.

  1. «Айкуне» гимнастикасы.

2020 жылғы 20 сәуір мен 15 мамыр аралығында қазақ ұлттық гимнастикасын оқыту бойынша тегін онлайн-курс өткізілді. Жобаға қатысқан отандастар саны 500 адам 10 елден: АҚШ, Еуропа, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Ауғанстан, Иран, Ресей және Қырғызстаннан. ZOOM платформасында тікелей эфирде аптасына 2 рет өткізілді. 5 онлайн сабақ өтті.

  1. «Қазақтың ұлттық құндылықтары ‒ Ұлы дала бренді» Онлайн ‒ жобасы.

2020 жылғы 23 мамыр мен 23 маусым аралығында «Ұлт денсаулығын нығайту және Қазақ ұлттық тағамдарын әлемге таныту, оны халықаралық қоғамдастыққа таныту» тақырыбында өтті. 4 онлайн конференцияға  этникалық қазақтар 600 адам  5 елден (Швейцария, Түркия, Моңғолия, Ресей, Германия), сондай-ақ Қазақстанда тұратын қандастарымыз (Нұр-сұлтан қ., Алматы қ., Павлодар қ.) қатысты.

  1. «Ұлттық домбыра күнін» мерекелеу Онлайн ‒ жобасы.

2020 жылғы 4 шілдеде Достық үйінде Ұлттық домбыра күніне арналған онлайн іс-шара өтті. Іс-шараға Ресей, Оңтүстік Африка, Франция, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдерден 70 этникалық қазақтар қатысты, олар бір мезгілде домбырада «Балбырауын» күйін орындап, флеш-моб ұйымдастырды.

  1. «Домбыра-ұлттық рух аспабы Онлайн – жобасы.

2020 жылғы шілденің 14-31 аралығында домбырада ойнауды және домбырамен ән айтуды үйретеді. Онлайн жобаның 6 сабағы өтті, оған 120-дан астам этникалық қазақтар алыс және жақын шет елдерінің 12 елінен (Иран, Ресей, АҚШ, Түркия, Жапония, Финляндия, Бельгия, Моңғолия, Португалия, Германия, Голландия, Беларус), сондай-ақ Қазақстанға келген қандастар қатысты.

  1. «Ән-терапия» Онлайн концерт ‒ кездесу.

2020 жылғы 28 шілдесінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, домбырашы Сәуле Жанпейісованың онлайн концерт ‒ кездесуі өтті. АҚШ, Моңғолия, Ресей, Корея, Түркия, Швеция, Иран, Өзбекстан, Бельгия және Қытай елдерінің отандастары, сондай-ақ Қазақстанға оралған этникалық қазақтар қатысты. Барлығы әлемнің 10 елінен 50-ден астам адам қатысты.

  1. «ЕЛГЕ СӘЛЕМ!» онлайн жобасы.

2020 жылдың 19 тамызынан бастап онлайн жоба – «әлемнің қазақтарымен ашық диалог алаңын» құру . Аптасына 1 рет өткізіледі. Қатысушылар 9 елден 80-нен астам этникалық қазақтар: Ресей, Иран, Франция, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Бельгия , Оңтүстік Корея, Қытай. 4 онлайн-диалог өткізілді.       

  1. Мемлекеттік тапсырма аясында «Шетелдегі қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттер».

22 тамыз 2020 ж. «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің «Ұлы дала елінен» онлайн-концерті. 27 Қыркүйек 2020 ж. «Халық қазынасы» Мемлекеттік өнер ансамблінің «Қазағым-ай» онлайн-концерті.

Көрермендер отандастар 10 елден: АҚШ, Моңғолия, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Швеция, Иран, Өзбекстан, Бельгия және Қытай және қандастар. Қаралым 3 500 асты.

  1. «ҰЛТТЫҚ САЗ АСПАПТАРЫ» онлайн-жобасы.

2020 жылғы 17 қазаннан бастап аптасына 2 рет шетелдегі отандастарға ұлттық аспаптарда (домбыра, қобыз және т.б.) ойнауды оқыту онлайн-жобасы. 20 сабақ өткізіледі. Қатысушылар- 120 этникалық қазақтар 15 елден: Ресей, Иран, Норвегия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Бельгия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Босния Герцеговина, Португалия, Литва, Жапония және қандастар.

  1. «Ана тілім – ардағым» халықаралық шығармашылық байқауы.

2020 жылдың 1-15 ақпан аралығында Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл ‒ Фарабидің 1150 жылдығына және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына алыс және жақын шетелдердегі этникалық қазақтардың балалары арасында «Ана тілім-ардағым» халықаралық шығармашылық байқауы өткізілді. Байқауға Иран, Беларусь, Моңғолия, Өзбекстаннан этникалық қазақтар барлығы 32 адам қатысты.

  1. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн-концерт. 2020 жылғы 15 сәуірінде Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына  дәстүрлі әнші Саулежан Тагзияұлының қатысуымен отандастарымызға арналған онлайн-концерт ұйымдастырылды. Қатысушылар ‒ 90 этникалық қазақтар 10 елден Швейцария, Түркия, Моңғолия, Иран, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция, Украина елдеріндегі этникалық қазақтар және қандастар қатысты.
  2. «АБАЙ ӘЛЕМІ» халықаралық байқауы.

2020 жылдың 28 сәуірі мен 28 маусымы аралығында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына «АБАЙ ӘЛЕМІ» халықаралық байқауы өткізілді. Қатысушылар 18 жастан 35 жасқа дейінгі қазақ диаспорасы өкілдерінен тұратын жастар. Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Украина, Иран, Қарақалпақстан және Беларусия елдеріндегі қандастардан 40 бейнеролик түсті.

  1. «Қазақстан – әлем балаларының көзімен» халықаралық шығармашылық сурет байқауы.

2020 жылдың 12 қазанынан 12 желтоқсанына дейін ҚР Тәуелсіздік Күніне орай шетелдердегі этникалық қазақтардың баларымен қандастардың балалары арасында байқау өткізілді. Қатысушылардан 169 жұмыс 13 елден келіп түсті: Өзбекстан, Иран, Ресей, Белоруссия, Норвегия, Испания, Ұлыбритания, Грузия, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Португалия және Қазақстан.

 

Білім беру, қазақ тілін оқыту және жастармен жұмыс бағыттар бойынша.

  1. Білім беру бағыты

Дайындық бөлімі. 2020 жылы дайындық бөліміне бөлінген квотаның саны – 1 300

Дайындық бөліміне түскен талапкерлер саны – 825

Бакалавриат. 2020 жылы өткізілген ҰБТ нәтижелері бойынша Қазақстан азаматтары болып табылмайтын (Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Иран, Түркіменстан, Ауғанстан) ұлты қазақ талапкерлерге білім беру гранттары берілді.

Құжат тапсырғандар саны – 2025

ҰБТ-ны Қазақстанда тапсырғандар саны – 1276 (олардың 700-і шектік балды жинады).

 «Отандастар қоры» КеАҚ бастамасымен алғаш рет шекара асып келе алмай ҰБТ-ны онлайн форматта тапсырғандар саны – 733 (олардың 434-і шектік балды жинады).

Шектік балл жинаған 1134 талапкердің 1041-і қандастарға арналған квота арқылы гранттық конкурсқа қатысып, 909 қандасымыз 4% мемлекеттік квота негізінде грант иеленді.

Конкурсқа қатысып грант иеленбей қалған 132 талапкердің мәселесі бойынша ЖОО ректорларына қолдау көрсетілуін сұрап хат жолданды.

Колледж.

Құжат тапсырғандардың саны – 539

Грант иегерлерінің саны – 539

  1. Шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің арасынан шыққан оқушылар арасындағы шығармашылық байқау:

Әлемдік деңгейде таралған коронавирустық инфекция пандемиясының салдарынан, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің сапындағы оқушылар арасында шығармашылық байқау өткізу» Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша тұңғыш рет «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп онлайн-олимпиада түрінде 1-20 маусым аралығында өткізілді.

Ресей, Қытай, Иран, Қырғызстан, Монғолия, Өзбекстан, Түркіменстан мен Түркия елдерінен қатысқан оқушылардың жалпы саны – 146 адам.

  1. Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсия жүргізу:

2020 жылғы 20-23 қыркүйек күндері Шымкент және Түркістан қаласында «Киелі Қазақстан» жобасы өтті. Іс-шараға Қазақстанда білім алып жатқан 20 студент-қандас (Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Түркіменстан) қатысты. Жоба барысында қандастар Қазақстанның көрнекті жерлерімен, «Жалпыхалықтық мәндегі Қазақстанның киелі георграфиясы» көпфункционалды виртуалды картасының жобасымен танысып, заманауи Қазақстанның жетістіктері, мәдени-гуманитарлық алмасу мүмкіндіктері жайлы ақпарат алды.

  1. Қазақ диаспорасынан Қазақстан ЖОО-ларында оқып жатқан шетелдік студенттермен кездесулер өткізіп, жұмысқа орналасу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

Кездесу өткізілген ЖОО саны – 10 (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық  университеті, Инновациялық Еуразиялық университеті, Назарбаев университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Кожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті). Кездесуге қатысқан студенттер саны – 1000-нан аса.

  1. Шетелде «Онлайн сыныптар» жұмысын ұйымдастыру:

12 елде (Түркия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Франция, Иран, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Беларусь) 31 онлайн-сынып ресми түрде ашылды.

«Отандастар қоры» КеАҚ және «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығымен бірге 2020 жылы онлайн-сыныптар арқылы қазақ тілін үйрету бойынша 333 онлайн сабақ өткізілді.

Сабақ кестесі: аптасына 3 рет, күніне 4 мәрте (қатысушы елдердің уақыт айырмашылығына байланысты).

І семестр уақыты: 2020 жылғы ақпан-мамыр;

ІІ семестр уақыты: 2020 жылғы қыркүйек-желтоқсан;

YouTube платформасы үшін түсірілген видеолар саны: 63

Видеолардың қаралым саны: 183 850 (4 429 лайк, 491 пікір)

Қазақ тілі курсына қатысқандар саны: 1163

  1. Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, әдеби және білім беру кітаптарына деген қажеттіліктерді  анықтау:

Аталған шара бойынша сауалнама сұрақтары бекітіліп, қандастар арасында жүргізілді. Сауaлнамаға 9 мемлекетте (Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Бельгия, Франция, Иран, Ресей, Өзбекстан, АҚШ) өмір сүріп жатқан қандастар қатысты.

Сауалнама нәтижесінде тілдік жағдай анықталып, қандастардың сұранысына ие кітаптар тізімі жинақталды. Бүгінде «OQ-Kitap» телеграм арнасы ашылып, сұранысқа ие қазақ тілді кітаптардың электронды нұсқалары жүктелінді. Телеграм арна барлығына қолжетімді.

  1. Жастармен жұмыс бағыты бойынша

Қандас жастармен жұмыс «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымы аясында жүзеге асуда.  Бүгінде әлеуметтік желілердегі оқырмандар саны – 3 000.

Қазақстандағы қандас жастар білім алатын 15 ЖОО-ларында ұйымның өкілдіктері сайланып, байланыс орнатылды. Иран, Моңғолия, Франциядағы қазақ жастарымен онлайн кездесулер ұйымдастырылып, нәтижесінде Иранда алғаш рет қазақ жастарының ұйымы құрылды.

Пікірсайыс дағдыларын үйрету бойынша «Астана пікірсайысшылар ассоцияциясы» және «Парасат» пікірсайыс клубымен байланыс орнатылды. 6-9 шілде күндері онлайн форматта ұйымдастырылған «Қазақша дебат академиясына» 10 қандасымыз қатысып, пікірсайыс дағдыларын үйреніп шықты.

«Qazaqsha Speaking Club» жобасы апта сайын жексенбі күні өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында онлайн жобаның аумағы Қытай, Моңғолия, Иран, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Бельгия, Португалия, Белорусь, Украина, Қырғызстан елдерін қамтып, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.

Орыс тілін және кирилл ғаріндегі қазақ тілін үйрететін 2 онлайн марафон, қандас жастар арасындағы «Үздік студент блогы», «Қазақстан – қандастар көзімен», «Әлем қазақтары», «Онлайн радио», «Музыкалық кеш» және «Тұлғалық даму» жобалары бар.

  1. Елге оралған қандастарды қолдау
  1. Отандастарды ақпараттық қолдау орталығын құру және оның жұмыс істеуі арқылы шетелде тұратын қандастар мен отандастарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету.

Елімізге қоныс аударғаннан этникалық қазақтардың жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға ауыртпалықсыз бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында Қоғам жанынан «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы» (бұдан әрі ‒ ҚАҚО) құрылды.

Нысаналы топқа ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету 10 өңірде (Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалалары) орналасқан Колл-орталық және оның Фронт-офистері арқылы жүзеге асырылады. Өзіне жүктелген жұмысты жүргізу кезінде тұрақты тіркеуге тұрудан бастап азаматтық алуға дейінгі барлық тізбеге қатысатын уәкілетті органдармен өзара тығыз іс әрекет жасайды.

Шетелдегі және Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері аясында Қандастарды ақпараттық қолдау орталығына 2020 жылы барлығы 5065 өтініштер келіп түсті, олардың ішінде:

  • байланыс орталығының операторлары 1103 қоңырау қабылдады. (Шетелде жүрген қандастар мен отандастарымыздың негізгі мәселелері әлеуметтік төлемдерді алу (229 өтініш), ҚР азаматтығын алу (228 өтініш), тұрақты тіркеуге тұру (128 өтініш), ықтиярхат алу (123 өтініш), өңірлік квотаға енгізу (92 өтініш) және т.б.);
  • фронт-офис сарапшылары қандастардың 3532 өтінішін қабылдады.

(Негізгі сұрақтар ҚР азаматтығын алу (710 өтініш), тұрақты тіркеуге тұру (471 өтініш), ықтиярхат алу (279 өтініш), өңірлік квотаға енгізу (265 өтініш), әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер (264 өтініш), құжаттарға байланысты мәселелер, оларды нострификациялау (239 өтініш) және т.б.);

  • бэк-кеңсеге 208 қандас телефон арқылы хабарласты және тікелей қабылдауға келді;
  • мессенджерлер және komek@oq.gov.kz эл.поштасы арқылы барлығы 222 хабарлама келді. WhatsApp мессенджеріне 162, Telegram мессенджеріне 13, Skype мессенджеріне 1 және komek@oq.gov.kz электрондық поштасына 46 хабарлама түсті.

Барлық келіп түскен өтініштердің негізгілері: ҚР азаматтығын алу (20,36%); тұрақты/уақытша тіркеуге тұру (12,44%); әлеуметтік көмек/төлем (10,86%); ықтиярхат (8,47%); өңірлік квота (7,36%) және басқа да (40,51%) мәселелер.

Анықтама ретінде: Қандастарды ақпараттық қолдау орталығына түскен қоңыраулар бойынша ақпарат өңделіп, «Отандастар Қоры» КеАҚ-ның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде инфографика түрінде ай сайын жарияланады.

Сұрақтардың негізгі легі Моңғолия (1850 адам), Қытай Халық Республикасы (1385) және Өзбекстан Республикасынан (1233) келген азаматтардан болып тұр. Бұл қандастарымыздың осы елдерден көбірек қоныс аударуына байланысты екендігін айта кеткен жөн. Орталыққа келіп түскен өтініштердің саны бойынша Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарымен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары жоғары белсенділік танытты.

Келіп түскен барлық сұрақтарға дер кезінде жауаптар беріліп, ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілді, орындалу көрсеткіші 93,9% пайызды құрайды.

Анықтама ретінде: Сонымен қатар, облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы 9 меморандумға қол қойылды. «Ақпараттық қолдау орталығын» насихаттау мақсатында «Таныс болыңыз!» айдарын 9 шығарылым, ақпараттық қолдау орталығының жұмысы туралы тікелей эфир ұйымдастырылып, БАҚ-та 4 мақала жарияланды.

Қандастарға ақпараттық консультациялық қолдау бойынша 4 онлайн-семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Карантин режимі кезінде Фронт-офистер тарапынан қайырымдылық шараларын өткізіліп,  акция аясында 1591 қандасқа және 263 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Қандастар мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ресми түрде 118 хат жолданды.

Қазақстанға қоныс аударған қандастар мен отандастар тарапынан жиі қойылған сұрақтар мен оларға берілген жауаптардың топтамасы талданып, арнайы анықтамалық қазақ және орыс тілінде әзірленді және «Отандастар Қоры» КеАҚ-ның ресми сайтында жарияланды.

  1. Бизнес-бастамаларды іске асыруда шетелдік отандастар мен репатрианттарға жәрдем көрсету.

Іскерлік қатынастарға жәрдемдесу.

Шетелдегі этникалық қазақтармен және қандастармен іскерлік қатынастарды жолға қою бағыты бизнес-форумдар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды.

Қоғам өз алдына бизнесті қолдаудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асыру мақсатын қоймайды, тек мемлекет, кәсіпкерлік субъектілері мен қандастардың өздері арасында ақпараттық дәнекер болады.

Шетелдегі отандастар мен репатрианттарға бизнес-бастамаларды іске асыруда көмек көрсету мақсатында Түркия, Өзбекстан, Ресей, Еуропа, Иран, Қырғызстан және АҚШ-та тұратын этникалық қазақтардың өзекті ұсыныстарын талқылау бойынша онлайн режимінде 7 бейнеконференция («Қандастар форумы») ұйымдастырылды. Шетелдегі отандастармен онлайн-кездесулерге қатысушылардың жалпы саны 331 адамды құрады.

Анықтама ретінде: аталмыш шаралар барысында әлемдік пандемиядан кейін шетелде тұратын отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары анықталып, оларға ҚР-дағы бизнес-климат және шетелден келген кәсіпкерлерге ұсынылатын инвестициялық қолдау түрлері және Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктер ұсынылды.

Бұл іс-шаралар репатриация процесін жеделдетуге ықпал ете отырып, қолдаудың жанама шарасы болып табылса да, Қоғам олардың әлеуметтік ‒ экономикалық әл-ауқатын арттыру үшін (орналасқан жеріне қарамастан) мүмкіндіктер ұсынып, ал шетелде тұратын этникалық қазақтарға тарихи Отанымен тығыз байланысты сақтауға жағдай жасады.

Жалпы, «Қандастар форумы» атты онлайн-кездесулер – жаңа серіктестерді іздеу, іскерлік және гуманитарлық байланыстар орнату, шетелдік қоғамдастыққа Қазақстан Республикасының түрлі салаларындағы мүмкіндіктерін көрсету үшін тиімді диалог алаңын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Іс-шаралар барысында және веб-ресурстар арқылы келіп түскен ақпараттар негізінде шетелде тұратын қандастарымыздың ынтымақтастық бағытындағы іскерлік ұсыныстары жинақталып, Қоғамның барлық электронды ресурстарында жарияланды.

Сондай ақ, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында тұратын қандас кәсіпкерлердің қатысуымен 4 онлайн конференция ұйымдастырылды. Аталған онлайн іскерлік кездесулерге жалпы саны 60-қа жуық қандастарымыз қатысты.

Анықтама ретінде: Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП маманымен, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, бизнес-жоспар дайындау, қысқа мерзімді оқыту және мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие түрлері туралы егжей тегжейлі айтылып, қандастар сұрақтарына жауап берілді.

Бұған қоса, репатриация үрдісін жеделдету үшін басымдыққа ие 5 облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін шолуға және қоныс аударуға қолайлы елді мекендерді таңдауға мүмкіндік беретін веб-платформа (www.erulik.kz) құрылды.

Анықтама ретінде: Веб платформа ҚР қоныс аударуға бел буған кез келген қандасымызға шетелде отырып толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қандастарымызға көшіп келгісі келетін аймақ туралы мәліметтер, бос тұрғын-жайлар, инфрақұрылым, аймаққа фото шолу жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұсынылатын болады. Сонымен қатар, көшіп келген сәттен бастап көші-қон үрдісінде талап етілетін құжаттар, бейімдеу, балаларды балабақшаға, мектепке орналастыру, медициналық қызметтерді алу, тіпті кәсіпкерлік бастаудың оңтайлы тетіктері бойынша ақпараттар беріледі.

Анықтама ретінде: Қандастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында құрылған «Атамекен» телеграмм каналы өз жұмысын жүргізуде. Телеграмм каналда бизнес бастау, инвестиция және экспорт-импорт бағытындағы жаңалықтар және де қандастарымыздың жаңалықтары, ұсыныстары жарияланып, қазіргі уақытта әлемдегі қандастар арасында байланыс көпірі қызметін атқаруда. Аталған веб-сервиске келіп түскен өтініштер бойынша қандастарға қолдау көрсетілді, атап айтқанда: АҚ «Даму», ҰБҚ «Атамекен» бизнес бағдарламары бойынша, Түркияға ет өнімін экспорттау, Ресей Федерациясынан бидайды Қазақстанға жіберу, Ауғанстаннан Қазақстан аймағына гүл өнімін әкеліп өсіру және т.б. Соңғы уақытта әлемдік пандемияға байланысты «Атамекен» іскерлік үйі өкілдері мұқтаж қандастарға телеграмм канал арқылы байланысып керекті дәрі дәрмекті тегін жеткізуге атсалысуда.

 

ІІІ.  Ақпараттық жұмыс

Қандастарды қолдау мәселелері бойынша өзекті ақпаратты ұсынып отыру үшін «Отандастар қоры» КеАҚ-тың ресми «oq.gov.kz» сайты жұмыс істейді. Биыл үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілі) ақпарат тарататын интерактивті веб-сайттың басты бетінің редизайны жасалды, сондай-ақ сайттың бөлімдері мен парақшалары жаңартылды. Қоғамның жұмысын жұмысын көрсету және қандастарды қолдауға бағытталған ақпаратты жариялау мақсатында сайтқа 251 материал үш тілде жарияланды. Сондай-ақ 35 республикалық БАҚ пен сайттарда 200-ге жуық материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында 1072 пост жарияланды.

Қандастарға арналған ақпаратты ілгерілету және ақпараттық саясатты нығайту аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасы бойынша Қоғам мен «El.kz» сайтының іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы жоспарға сәйкес «El.kz» сайтында «Қандастар» бөлімі іске қосылды (https://el.kz/kandastar/). Қандастарға арналып жасалған бөлімде «Атажұрт» (тарихи, мәдени тақырыптарға арналған танымдық материалдар, шетелде тұратын қазақтармен сұхбат), «Жас қазақ» (шетелде тұратын қазақ жастары үшін пайдалы білім беруге, оқытуға байланысты материалдар), «Сараптама» (аналитикалық материалдар), «Көмек» (Қоғамның Фронт-кеңселері мен Байланыс-орталықтары туралы барлық ақпарат пен материалдар), Қоғамның сайтына өту (пайдаланушылар айдар арқылы Қоғамның корпоративтік сайтына түседі) деген айдарлар ашылды. 2020 жылы «El.kz» порталының «Қандастар» бөлімінде Қоғамның қызметі, шетелдегі қазақ диаспоралары туралы (сұхбат жанрларында, мақалаларында) 100-ге жуық ақпараттық және танымдық материалдар жарияланды, олар порталдың басты бетінде қатар көрсетіліп жатыр.

2020 жылы қандастарға көрсетілген мемлекет тарапынан ұсынылатын қолдау шаралары мен мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ Қандастарды ақпараттық орталығының қызметі туралы 23 инфографика әзірленіп, олар Қоғамның oq.gov.kz порталына және Facebook әлеуметтік желісіне жарияланды.

Пандемия кезінде жұмыстың көп бөлігі онлайн форматқа өтті және осыған байланысты қазақ тілін оқыту курстары, түрлі мәдени іс-шаралар (онлайн-концерттер), видео-сұхбаттар Қоғамның «Otandastar channel» атты YouTube-арнасына жүктеліп отырды. 2020 жылы арнаға 67 видео жүктелді. Сондай-ақ жалпы саны 16 видео монтаждалып, 20 тікелей эфир өткізілді.

Сонымен қатар көптеген онлайн жобалар ұйымдастырылды. Оларды әлеуметтік желіде насихаттау мақсатында арнайы 47 афиша мен постер жасалды.

Әлеуметтік желілерде жазылушылар санын арттыру бойынша жұмыс та жүргізіліп келеді. 2020 жылдың 01 қаңтарында Қоғамның ресми парақшаларында 6359 жазылушы болды. Жыл басынан бастап жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жазылушылардың жалпы саны артып, бүгінгі күні 69892 жазылушыны құрайды. Оның ішінде: Facebook – 5953, Instagram – 60121, Youtube – 3152, Телеграм – 221, ВКонтакте – 245, Twitter – 200 жазылушы).

Тұрақты тұратын мемлекеттердегі отандастардың жағдайы туралы БАҚ материалдарының мониторингі аясында шетелдегі қазақ диаспорасын қазақстандық БАҚ-қа қол жетімділікті  зерделеу және қамтамасыз ету жөнінде 11 ұсыныс жасалды.

БАҚ және әлеуметтік желілер мониторингі негізінде диаспоралдық саясат мәселелері бойынша ай сайын 1, жалпы ақпан айынан бері 11 анықтамалық-талдамалық ақпарат берілді.

 Резонансты оқиғаларға дер кезінде әрекет ету бойынша ұсыныстар дайындалды. Қандастарға қатысты резонанс тудырған оқиғалар ай сайын (11 ай) мониторинг жүргізілді.

 Қазақ тілді БАҚ бойынша деректер базасын қалыптастыру бойынша қаңтар айынан бері 19 мемлекеттегі қазақ тілді 90 БАҚ пен қандастар пайдаланатын әлеуметтік желі парақшалары анықталды.

Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының «ATAJURT» (шартты атауы) ассоцациялық бірлестігін құру жоспарланған. Оның негізгі мақсаты – бірлестікке мүше БАҚ пен қазақстандық және халықаралық БАҚ арасындағы әріптестікті үйлестіру, шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсету жолдары қарастырылады.

2020 жылғы 25 қыркүйекте шетелдегі қазақтар үшін қажетті ақпараттың қолжетімділігін арттырып, диалог алаңын құруға, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайтуға арналған «El.kz» ақпараттық-танымдық порталының онлайн таныстырылымы өтті. Сондай-ақ «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Тúrkistan халықаралық газетінің «Атажұрт» айдары да  әлемдегі қандастарға онлайн кездесу арқылы таныстырылды .

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Отандастар қоры» ұсынысымен тұңғыш рет шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа ұлттық «Үркер-2020» сыйлығының KazInform Халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығына арналған арнайы жүлдесі берілді. Аталған номинация иегері атану үшін Түркия, Ресей, Өзбекстан, Иран, Моңғолия мемлекеттерінен қазақтілді ақпарат құралдары қатысты.

 

  1. Зерттеу-талдау қызметі

2020 жылы жүргізілген зерттеулердің қорытындылары бойынша «Шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер» жобасын орындау шеңберінде жеті томдық (1200 беттен астам) 3 іс-шара бойынша қорытынды шығармашылық есеп әзірленіп, ҚР АҚДМ-ға жіберілді:

Іс-шара I. Шетелдегі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен репатриацияның нормативтік-құқықтық қалпының мәселелері бойынша жиынтық-талдамалық зерттеулер жүргізу.

Зерттелген елдер: Әзірбайжан, Армения, Израиль, Қытай, Моңғолия, Польша, Ресей, Өзбекстан.

Іс-шара II. Отандастарды Отанына қайтарудың мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу. 13 ел зерттелді.

Зерттелген елдер: Армения, Грузия, Әзірбайжан, Италия, Румыния, Мексика, Латвия, Литва, Эстония, Болгария, Қытай, Үндістан, Украина.

III іс-шара. «Отандастар қоры» КЕАҚ Қоғамдық комиссияның отырыстарын өткізу.

Шетелдегі қазақтарды қолдау және репатриациялау саласындағы өзекті проблемалар бойынша мәселелерді талқылау шеңберінде 2020 жылы «Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның 2 отырысы өткізілді, атап айтқанда:

Комиссияның бірінші отырысы 2020 жылғы 12 наурызда өткізілді.

Комиссия отырысының күн тәртібінде репатриацияны ынталандыру мәселелері, шетелдегі қазақтарды оқулықтармен, көркем және өзге де әдебиеттермен қамтамасыз етудің кемшіліктері, сондай-ақ Ақмола облысының Нұрлы Көш (Красный Яр) және Шығыс Қазақстан облысының Шығыс кенттерінде репатрианттар үшін салынған үйлердің жай-күйі талқыланды.

Қабылданған шешімдер ҚР Үкіметі жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілді.

Комиссияның екінші отырысы 2020 жылғы 27 қазанда өткізілді.

Отырыс барысында Ақмола облысының «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылында қандастар үшін салынған үйлерді жекешелендіру, өңірлерде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды бос жер учаскелерінің болуы мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламалар аясында қандастарымызды солтүстік өңірлерге көшіруге қатысты мемлекеттік саясатты жандандыру мәселелері талқыланды.

Комиссияның шет елдердегі қазақтарды қолдау және репатриациялау саласындағы өзекті проблемалар жөніндегі екі отырысының күн тәртібін дайындау, жұмысты ұйымдастыру және мәселелерін талқылау қорытындылары бойынша шет елдерде тұратын және өз еркімен қоныс аударғысы келетін қазақтарды қолдау жөніндегі кешенді шараларға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылау бойынша                             1 дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Анықтама үшін:

2020 жылы Қоғамдық комиссияның 2 отырысы өткізілді:

  • 1 отырыс 12 наурызда өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
  • «Шетелдердегі этникалық қазақтарды оқулықтармен және басқа да көркем әдебиетпен қамтамасыз етудегі келеңсіз жағдайлар» ‒ «Отандастар қоры» КЕАҚ президентінің кеңесшісі Дидар Болаттың баяндамасы;
  • «Ақмола облысының  Нұрлы көш (Красный Яр) ауылындағы шетелден көшіп келген қандастарымызға арналған үй-жай мәселесі» – Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Жүсіповтің баяндамасы;
  • «Шығыс Қазақстан облысының Шығыс ауылындағы шетелден көшіп келген қандастарымызға арналған үй-жәй мәселесі» ‒ Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жанна Аскарованың баяндамасы;
  • «Репатриацияны ынталандыру шаралары (үй-жаймен, жер телімдерімен, көтерме қаржымен қамту)» ‒ «Отандастар қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Нұрхан Жәлиевтің баяндамасы.
  • 2 отырыс 27 қазанда өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
  • «Ақмола облысы «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылындағы қандастарға салынған үйлердің заңдастыру мәселесі» ‒  Ақмола облысы әкімінің орынбасары Тәткеев Малғаждар Саттарұлы;
  • «Қазақстан бойынша облыстарда, оның ішінде елді мекендер бөлінісіндегі ауыл шаруашылық мақсатында қолдануға жарамды, бос жер телімдері және оларды ерікті қоныс аударушы қандастарға берілу мүмкіндіктері» ‒ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Бимендина Гүлжахан Амангелдіқызы;
  • «Этникалық репатрианттарға қатысты ұзақмерзімді тұрақты мемлекеттік миграция сасясатын солтүстік өңірлерде жандандыру туралы» ‒ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, экон. ғылым. кандидаты, «Асар» РҚБ төрағасы Қайрат Бодаухан;
  • «Солтүстік-Қазақстан облысының шетелдерден қоныс аударушы қандастарды үй жайлармен қамтамасыз ету және бейімделуіне жәрдемдесу бағытында атқарып жатқан шаралары жайлы» ‒  Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Қошманов Алмаз Темірболатұлы.

Отырысты өткізу аясында БАҚ-та 10 ақпараттық материал ұйымдастырылды (1-уі республикалық басылымда, 1-уі телеарналардың жаңалық бөлімінде, 2-уі ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілердің  жаңалық бөлімдерінде).

127 нормативтік құқықтық актілер мен өзге де бағдарламалар зерделенді.

Әзірленді және пысықталды:

2 ‒ заң жобасы тұжырымдамасының жобасы;

3 ‒ заң жобасының жобасы;

1 ‒ солтүстік өңірлердегі этникалық оралмандарға қатысты ұзақ мерзімді тұрақты көші-қонның мемлекеттік саясатын жандандыру тұжырымдамасы.

2020 жылы АҚДМ-ға 29 аналитикалық анықтама мен жазба дайындалды және жіберілді:

  1. ҚР Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссия отырысының күн тәртібін негіздеу бойынша түсіндірме жазба;
  2. «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасын әзірлеу туралы;
  3. Шетелде тұратын этникалық қазақтарды қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу туралы;
  4. Қазақстанға репатрианттар ағынының болжамды экономикалық әсері бойынша талдамалық жазба;
  5. Кейбір посткеңестік елдердегі (Армения, Грузия, Әзірбайжан мысалында) шетелдік отандастарды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесі туралы;
  6. Шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл және репатриацияны қолдау саласындағы зерттеу жұмыстары мәселелері бойынша талдамалық анықтама;
  7. Шетелдік диаспораны мемлекеттік қолдаудың мексикалық тәжірибесі туралы: Қазақстан нені қабылдай алады?;
  8. «Қазақ картасы» туралы талдамалық анықтама»;
  9. Армения Республикасының және Грузия Республикасының шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау және репатриациялау саласындағы тәжірибесі туралы талдамалық анықтама;
  10. Шетелдегі этникалық қазақтар мен Қазақстанға келген репатрианттардың өзекті мәселелері бойынша БАҚ пен әлеуметтік желілердің мониторингі. (10-16 тамыз 2020 ж);
  11. Шетелдегі этникалық қазақтар мен Қазақстанға келген репатрианттардың өзекті мәселелері бойынша БАҚ пен әлеуметтік желілердің мониторингі.(17-23 тамыз 2020 ж);
  12. Литваның диаспоралық саясаты туралы;
  13. «Отандастар қоры» КЕАҚ мәдени-гуманитарлық жобалары бойынша;
  14. Репатрианттардың Қазақстанда тұратын өңірлері бойынша шолу талдамалық ақпарат;
  15. Қазақстан Республикасының облыстары әкімдіктерінің шетелдегі отандастарды репатриациялау және мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ресми сайттарының жай-күйі туралы талдамалық жазба (23.09.2020 ж. жағдай бойынша);
  16. Азаматтық алуды жеңілдету бойынша РФ ІІМ жаңалықтары туралы талдамалық анықтама;
  17. ЕАЭО-ға мүше мемлекетке тұрақты тұрғылықты жерге қоныс аударатын жеке тұлғалардың көлік құралдарын әкелу кезінде кедендік жеңілдіктер беру жөніндегі анықтамалық ақпарат;
  18. Порталдың тұсаукесері бойынша шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының басшыларымен онлайн-кездесудің қорытындылары туралы «El.kz»;
  19. Қандастар арасындағы Нұр Отан партиясының Праймериз-2020 қорытындысы туралы;
  20. Елдегі репатрианттық қоғамдасты
«Отандастар қоры» КЕАҚ-тың 2020 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша есеп