«Отандастар Қоры» «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты

22 Маусым, 2021



2021 жылғы 22 маусымда «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасында айқындалған Ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, сонымен қатар мәдениет объектілерін салу және жөндеу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы өзекті мәселелер қарастырылып, осы саладағы түйткілді сұрақтар талқыға салынды.

Аталмыш шараға кеңес мүшесі, «Отандастар Қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Қанапияұлы Сарбасов қатысты.

«Отандастар қоры» жасампаз еліміздің жарқын болашағы - жас ұрпақтың және шеттегі отандастардың өз тарихи тамырын танып-білуіне, оларды тарихи Отаны төңірегінде шоғырландыруға және ұлт ұлыларын ұлықтауды көздейтін жұмыстар мен іс-шараларға өз тарапынан қызметтік өкілеттілігі аясында асыл мұрамызды қайта жаңғырт жолында атсалысуға дайын екенін жеткізеді.

Сонымен қатар кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, уәкілетті министрліктер мен мекемелердің басшылары, сарапшылар мен кеңес мүшелері қатысты.

«Отандастар Қоры» «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты