«Отандастарды Отанына қайтарудың мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу» зерттеу жобасы аясында 2019 жылғы 15-20 қыркүйек аралығында «Отандастар Қоры» КЕАҚ атқарушы директоры Е.А. Оңғарбаев, жоба сарапшылары Ж.А. Бабажанова, Г.Г. Галиакаброва Израиль мемлекетіне іссапармен барып қайтты.
Іссапар мақсаты – тұрып жатқан елдерінде диаспораларды қолдаудың әртүрлі түрлері мен нысандарының халықаралық тәжірибесін, мемлекеттік және басқа бағдарламалар негізінде шетелде тұратын отандастардың елге оралуын, қоныс аударуын (репатриация), елде бейімделуге көмек көрсетуді және диаспораның мәселелері бойынша Израиль мемлекетінің заңнамасын зерделеу.
Іссапар шеңберінде келесі кездесулер орын алды:
- Алия және интеграция министрлігінің бас ғалымы (ҚР-да министрдің орынбасары қызметіне сәйкес келеді) Владимир (Зе’eв) Ханинмен;
- Алия және интеграция министрлігінің абсорбция жөніндегі кеңесшісі Денис Нераславский мен Ашдод қаласы мэрінің орынбасары Эли Нахтпен;
- Израиль Мемлекетіндегі кеңесші-уәкіл Қайрат Ахметалиммен;
- репатриация мәселелері бойынша адвокаттар Олеся Мошкович, Натали Аль, сондай-ақ, заң кеңсесінің қызметкерлері - көші-қон құқығының мамандарымен;
- Израиль бойынша Еврей агенттігінің жаһандық сервис орталығының директоры Йосеф Лейбовичпен (Қазақстандағы «Сохнут» Еврей Агенттігі өкілдігінің бұрынғы басшысы).
Іссапар қорытындысы бойынша келесі міндеттер орындалды:
- шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау тәжірибесі зерттелді;
- зерттеу тақырыбын реттеудегі Израильдің жалпы құқықтық базасы талданды;
- шетелдік отандастарды репатриациялау және қолдау мәселелері бойынша Израильдің заңнамасы зерттелді (Израиль мемлекетінің «Қайтару туралы» Заңы, «Азаматтық туралы» Заңы, және т. б.);
- Израильдің шетелдегі отандастарына қатысты мемлекеттік саясаты зерделенді;
- Израильдің көші-қон саясатының ерекшеліктері зерттелді.
Нәтижелер
Кездесулер қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру қажеттілігі анықталды.
Израиль мемлекетінің тәжірибесі қазақстандық заңнаманы жетілдіруде қолданылатын болады («Шетелдеге отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының Тұжырымдамасы, «Шетелдеге отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, «Шетелдегі қазақ диаспорасын және репатриацияны қолдау бойынша 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның Тұжырымдамасы, «Шетелдегі қазақ диаспорасын және репатриацияны қолдау бойынша 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны қараңыз).
Іссапар қорытындысы бойынша ұсыныстар
Израиль мемлекетінің тәжірибесі мысалында Қазақстан Республикасында:
- репатрианттарға, сондай-ақ шетелде тұратын отандастарға қатысты қолдау жүйесін;
- балалар және жастар бағдарламаларын әзірлеу және енгізу тәжірибесін;
- еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңа мамандыққа оқыту немесе ескі кәсібі бойынша білімін жетілдіру бағдарламаларын;
- жас дәрігерлер мен медициналық ЖОО студенттеріне (18-29 жас); IT, нақты ғылымдар, басқару және бизнес саласындағы жас мамандарға (18-26 жас); спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанатындарға (18-26 жас); фотографтардың, дизайнерлер мен өнер қайраткерлерінің (18-26 жас) мүдделері мен кәсіби қызметіне бағытталған Еврей Агенттігінің арнайы бағдарламаларын;
- Израиль колледждері мен университеттеріне түсуге арналған әмбебап және ең танымал бағдарламасы (17 жастан 21 жасқа дейін);
- елге инвестициялық капиталды тарту ретінде көші-қон үрдісінің тиімділігі бойынша есептеу әдістемесін;
- репатрианттарды «абсорбция кәрзеңкесі», медициналық сақтандырумен және репатрианттарға қатысты өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз ету тәжірибесін, қазақстандық заңнаманың ерекшеліктерін ескере отырып, қолдану қажет.