«Отандастар қоры» КЕАҚ - ның маңызды бағыты шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау болып табылады, бұл-шетелде тұратын отандастармен байланысты нығайту, қазақ ұлттық-мәдени орталықтарының жұмысын ұйымдастыруда тиімділікті арттыру.
Шетелдегі мәдені орталықтардың мерейтойлық және мерекелік іс-шараларын, атап айтқанда, Новосібір облысының қазақ мәдениеті күндерін және Омбы облысының аймақтық Қазақ ұлттық мәдени автономиясының 20 жылдығын мерекелеу аясында 2019 жылдың 5-6 қазан аралығында Ресей Федерациясында Новосібір және Омбы қалаларында Қазақстандық әртістерінің қатысуымен шетелдегі концерттер өтеді.
Концерт ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және РҚБ Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының қолдауымен «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастырылады.
Концерттердің мақсаты: отандастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, Ресей Федерациясында тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің ұлттық мәдениет пен тіл қажеттіліктерін қанағаттандыру,сондай-ақ халықтар арасында мәдениетті өзара байыту, өскелең ұрпақты толеранттылық пен достық рухында тәрбиелеу, шекараралас ынтымақтастықты нығайту.
Қазақстан мен Ресейді ортақ тарих пен мәдениет, ортақ шекара, ұқсас менталитет, ортақ мәдени және ақпараттық кеңістік біріктіреді. Мәдениет, ғылым және білім саласындағы Қазақстан мен Ресейдің жемісті ынтымақтастығы ұлттық бірегейлікті сақтау және дамыту, ана тілінде білім беру олардың рухани қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін, қолайлы жағдайлар туғызу арқылы елімізде тұратын халықтардың мәдениетін еркін және тең дәрежеде дамытуды қамтамасыз ететін екі жақты құжаттарға негізделеді.
Концерттер өтетін орны:
Новосібір қаласында 5 қазан 2019 ж. сағат 13.00-де Арнольд Кацтың атындағы концерттік залда өтеді,көрермендер орны – 1000.
Омбы қаласында 6 қазан 2019 ж. сағат 12.00-де филармония концерттік залда өтеді, көрермендер орны – 1200.
Концертте республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары өнер көрсетеді. Атап айтқанда Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері -Талғат Кәрімов. «Ретро» вокалдық ансамблі және «Samiyan» тобы. Көркемдік жетекшісі Мадина Нұрғожинова. «Шернияз» би ансамблі. Көркемдік жетекшісі Нұрлан Беков. Сондай-ақ, дәстүрлі және эстрада әншілері қатысады.
Концертте атақты қазақ, кеңестік және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалады.
Байланыс телефондары:
Новосібір қаласы 8(383) 3734141, +79137488714.
Омбы қаласы: 8 (3812) 20-01-58, +79045887798
Орын: Г.Е.Мұқанова, т.: 680071, +77011578251