Соңғы жылдары қандастарға бөлінетін квота неге 100 есе азайып кетті? Елге Иран, Ауғанстан, Түркиядан көшіп келген ағайындар қазақ екендігін неге дәлелдей алмай жүр?Облыс орталықтарындағы қандастарды бейімдеу орталықтарының жұмысы неге дұрыс жолға қойылмаған? Облыстық әкімдіктер қандастардың әлеуметтік мәселелерімен неге немқұрайлы айналысады? Қандастар құжаттарын рәсімдеу барысында неге нотариальдық қызметке көп қаржы жұмсайды?
Бүгінгі "Қандастар" хабарында осы және басқа да өткір сауалдарға жауап ізделді.Хабарда қонақта "Отандастар қорының" қандастардың өтініш шағымдарын қабылдап, ақпараттық құқықтық кеңес беретін фронт офистерінің бас үйлестірушісі Марат Тоқсанбаев ағамыз болды.
Хабарды тыңдау: https://qazradio.fm/kz/news/20293/