Ырысалды Төкееваның «Қиын жылдар, Қиыр жолдар» кітабының тұсаукесері өтті

19 Наурыз, 2021


2021 жылғы 19 наурызда «Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі-Қоғам), «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесіп, шетелдегі отандасымыз Бельгия мемлекетінде тұратын ақын-жазушы Ырысалды Әділханқызы Төкееваның  «Қиын жылдар, Қиыр жолдар» кітабының тұсаукесерін салтанатты түрде өткізді.

Ырысалды Әділханқызы Төкеева 1941 жылы Қытай Халық Республикасының Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Үрімжіден заңгер мамандығы бойынша білім алып аудандық сот судьясы болып қызмет атқарған.

1994 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды. Автордын «Салтанат», «Тарбағатай жырлары», «Тарту», «Дала дабылы», «Біздің ауылда», «Көктем», «Шиху өрендері», «Белес» қатарлы ұжымдық жинаққа шығармалары енгізілді. 2018 жылы «Өмір өрнектері» атты екі томдық өлеңдер жинағы Алматы қаласында жарық көрді.

Автордың «Қиын жылдар, Қиыр жолдар» кітабына – қаламгердің көзімен көріп, бастан өткізген оқиғалары негізінде туған тың туындылары енген. Өзі секілді өмірдің қиын-қыстау сәттерін басынан өткізген аналар тағдыры жан тебірентерліктей жазылған. Жинақтағы «Екі ғасырдың куәгері», «Үзілген үміт, өксіген ән» хикаяларының жөні тіптен бөлек. Өзге де жазушы қаламына ілінген шығармалары да көркем тілімен, шытырман оқиғасымен, шынайы тарихилығымен құнды.

Іс-шараға Қоғам мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым  қатысты.

Ырысалды Төкееваның «Қиын жылдар, Қиыр жолдар» кітабының тұсаукесері өтті