2021 жылы 19 наурыз күні «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығы бірлесіп, отандастармен «Наурыз» ұлттық мерекесі тойлау ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ресейдегі қазақтардың қоғамдық бірлестіктері құрылған Қазан, Екатеринбург, Уфа қатарлы 3 аймағы қатысты. Олар қазақ халқының ұлттық ерекшелігі ретіндегі осы мерекеге ерекше назар аударады.
Биыл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен ресми түрде танылған, Қазақстан Тәуелсіздігінің рухани-мәдени атрибуттарының біріне айналған «Наурыз мейрамының» 30 жылдығы аталып өтіледі. 2021 жылы ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Наурыз мейрамын» мерекелеуге, оның ұлттың рухани дамуы үшін маңыздылығына қарай тұжырымдамалық тұрғыдан қарау туралы шешім қабылдауының символдық мәні бар.
Ұлыстың ұлы күнінде қазақ тілін дамыту, мәдени мұраны насихаттау, Ресейдегі қазақ диаспорасымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, дамыту және кеңейту мәселелерін талқылауға себеп болды. Шығармашылық ұжымдар көрерменге түрлі концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге белсенді қатысқаны және қос мемлекет арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамоталары тапсырылды.