2021 жылғы 12 ақпанда «Отандастар қоры» КеАҚ Қандастарды қолдау орталығының үйлестірушісі Тоқсамбаев Марат Есімқұлұлы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің төрағасы Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлымен және Көші-қон басқармасының басшысы Айтқұлов Дастан Асқарұлымен мемлекет тарапынан қандастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің бағыт-бағдарларымен танысып, этникалық көші-қон мәселелерін талқылады.