«Отандастар қоры» КеАҚ 2020 жылғы 11 ақпанда «Тұрақты даму» Жер қоры» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алан Балтабайұлымен онлайн режимде кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Тұрақты даму ЖҚБ ұсынған, тарихи отанына қоныс аударған этникалық қазақтардың бейімделуі мен ықпалдасуына жәрдемдесудің нақты жобасы талқыланды. Атап айтқанда, Ақмола облысының Новорыбинка ауылына қандастарды қоныстандырып, оларға қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдай жасап, жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру.
Сондай-ақ, екі тарап жоба аясында Қоғамның «Отандастар» саябағын іске асыруға уағдаласты. Алдағы уақытта екіжақты қызметтің бағыт-бағдары айқындалып, ынтымақтастық туралы меморандум жасалатын болады.