British Library Қазақстанның біз білмейтін жаңа тарихи бетін ашуы мүмкін.

27 Қыркүйек, 2019

Қор делегациясы Ұлыбританияның ұлттық кітапханасында болды. Мұнда Орта Азия және түркі халықтарының тарихына арналған арнайы мамандандырылған бөлме бар екен. Түркітанушы Доктор Майкл Эрдман кітапханадағы түркі жазбаларының теңдесіз туынды екенін, бірақ та оларды зерттеуде қазақстандық ғалымдардың тарапынан қызығушылық аз екенін атап өтті. Оның айтуынша кітапханада «Divan-i Navai», «Sabab-i taqviyat», «Qisas al-anbiya», «Nurshatnama», «Expedition scientifique francaise en Russie, en Siberie et dans le Turkestan», Сұлтан Бейбарыстың «Алтын Құраны» сияқты ешбір елде жоқ туындылар бар. Қазақстандық ғалымдарды тарихымыздың біз білмейтін жаңа беттерін ашуға шақырамыз.


British Library Қазақстанның біз білмейтін жаңа тарихи бетін ашуы мүмкін.