АҚШ-тағы отандастармен «Қандастар форумы» онлайн-кездесуі өтеді

16 Қараша, 2020

«Отандастар қоры» әлемдік пандемия кезінде шетелде тұратын этникалық қазақтармен байланысты үзбей, қайта оларды одан әрі нығайту мақсатында 2020 жылғы 17 қарашада сағат 10:00-де АҚШ-тағы отандастармен кезекті «Қандастар форумы» атты онлайн-кездесу ұйымдастырады.

Негізгі қарастырылатын сұрақтар:

• «Отандастар қоры» тарапынан қандастарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы таныстыру;

• Әлемдік пандемия кезіндегі АҚШ-тағы қандастардың ахуалы және экономикалық мүмкіндіктері;

• Қазақстандағы жаңа мамандықтар мен кәсіптер Атласы ұлттық жобасы;

• АҚШ-тағы отандастарымыз – Қазақстан үшін маңызды адами капитал ретінде.

Іс-шараға қатысуға алдын ала жазылу үшін 1404 байланыс орталығына немесе +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласыңыздар.

АҚШ-тағы отандастармен «Қандастар форумы» онлайн-кездесуі өтеді