ҚАНДАСТАРМЕН ҚАТЫНАС ҚАЖЕТ

27 Қыркүйек, 2019

Ағымдағы 2019 жылдың 20 қыркүйегінде «Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен сол елдегі қандастарымыз және отандастарымызбен Лондонда бизнес-форум өткізді. Жиынға 30-дан аса адам қатысты. Елші Ерлан Ыдырысов форумның соңына дейін болып, сөз алғандарды ықыласпен тыңдады және өз кезегінде шет елдегі отандастарды қолдауды сапалы жүзеге асыру мен Қазақстанның мемлекеттік органдарының шығармашылық, академиялық және бизнес салалармен байланысын нығайтудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар отандастардың күткеніне сәйкес бизнес ұсыныстарды қолдаудың тың тәсілдерін табуда Қор мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының жұмысын белсендіру қажеттігіне назар аударды.

Қатысушылар бизнес және жобаларды акселерациялау департаменті қолға алған – «Атамекен» іскерлік үйі» жобасына, әсіресе оның тың тұжырымдамасы веб-алаңға аса қызығушылық танытты. Олар интерактивті сервис ұсынған идея мен жұмыс істеу тәсілін бір ауыздан қолдады.

Форумда Лондонда тұратын қандасымыз, жас кәсіпкер, Grocemania сервисін құрушы Асқар Бөлегенов өз ІТ өнімінің қызметімен таныстырып, оны Қазақстанның ірі қалаларында дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

ҚАНДАСТАРМЕН ҚАТЫНАС ҚАЖЕТ