Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың «Еуразияны билеудегі Ресей практикасы. 16-19 ғасырлардағы биліктің шекара динамикасы» атты ғылыми-танымдық кітабына пікір жазған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметовтың «ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ЕҢБЕК» ауқымды мақаласы «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланды.
Г.Кендірбайдың жоғарыда аталған құнды және өзекті кітабын Ұлттық Аударма бюросы тез арада қолға алып, қазақ және орыс тілдеріне аударғанын «Отандастар қоры» да жөн санайтындығын атап өтеміз.
Алдағы уақытта Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» бірлесіп, профессор Г.Кендірбайдың жоғарыда аталған кітабының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.
«Отандастар қорының» қызметкері Ана Шәкерхан