Құрметті отандастар!

01 Қыркүйек, 2019

Қазақстанда отандастармен жұмыс істеу жөніндегі қор құрылды. Отандастар қорының басты жобасы Қазақстанда да, шетелде де отандастарды шоғырландыруға бағытталған «Қазақ мәдени-іскерлік үйін» құру болып табылады.

«Мәдениет және білім» саласындағы жобаның міндеттері:


  • әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды отандастарды іздестіреді және біріктіреді;
  • мәдени және ұлттық брендтерді, тұрмыс заттарын, киім-кешек пен қолөнершілікті ілгерілетуде жұмыс істейді;
  • қазақ тілін қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде насихаттайды;


«Бейімдеу және әлеуметтендіру» саласындағы жобаның міндеттері:


  • қоныс аударушыларға бейімдеу және әлеуметтендіруге қолдау көрсетеді;
  • отандастарға ақпараттық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді;
  • репатрианттар түсетін ауыр өмірлік жағдайларды шешуге қатысады;
  • ұлттық диалогты жүзеге асыру үшін алаңдар құрады;


Жобаның іскерлік (бизнес) бөлігі елде де, шетелде де отандастардың бизнесті дамыту және бизнес бастамаларын қолдау үшін жағдай жасау болып табылады. Жоба аясында жүргізіледі:


  • отандастар жүзеге асыратын серпінді бизнес жобаларды, стартаптарды, инновациялық технологияларды іздеу және қолдау;
  • отандастар жобаларын қаржыландыру көздерін іздеу;
  • бизнесті және инновацияны мемлекеттік қолдау шараларын тарту;
  • мүдделерді ұсыну және жобаларды жылжыту;
  • отандастар арасында олар үшін жағдай жасау арқылы кәсіпкерлікті, шағын орта бизнесті дамыту.


2019 жылғы 20 қыркүйекте Қор Ұлыбританияда тұратын отандастармен бизнес-форум өткізуді жоспарлап отыр.

Кездесу аясында:


  • Қазақ мәдени-іскерлік үйінің қоры мен жобасының таныстырылымы;
  • Стартаптарды, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктерін, оның ішінде оларды Қазақстанда да ілгерілетудің нақты тетіктерін, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу жөнінде көмек көрсету туралы талқылау өтеді.


Іс-шараға қатысады:

Мағауия Сарбасов – «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті;

Жәнібек Лесбеков – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, қазақ диаспорасымен жұмыс департаментінің бас менеджері;

Анас Баккожаев – «Отандастар қоры» КЕАҚ бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің бас менеджері;

Талғат Ахметжанов – «Crimson Field»ЖШС директорының орынбасары;

Алжан Шарипов – «Отандастар қоры» КЕАҚ бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің менеджері.


Уақыты: 16.00 сағ.

Күні: 20 қыркүйек 2019 жыл

Қала: Лондон (Ұлыбритания)

Мекен-жайы: The Royal Automobile Club  89, Pall Mall


Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 775 510 5191


Тіркелу және қосымша ақпаратты отандастар мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе (WhatsApp немесе Telegram) нөмірі бойынша жазып алуға болады.

+7 701 000 1404

немесе электрондық пошта арқылы

komek@oq.gov.kz

Skype: komek@oq.gov.kz


Ұлыбританияда тұратын отандастарды кездесуге шақырамыз!


Құрметті отандастар!