2020 жылғы 26 шілде күні «Zoom» платформасында «Отандастар қорының» Қандастарды қолдау департаменті ұйымдастаруымен онлайн конференция өтті.
Іс-шараға «Атамекен» ҰКП-ның Жаппай кəсіпкерлік жəне микроқаржыландыру департаментінің маманы Рауан Ергалиев арнайы қатысты.
Конференция барысында «Отандастар қорының» Фронт офисына келіп түскен сұрақтар аясында тұжырымдама жасалып, «Қандастардың кәсіпкерліктегі белсенділігіне қолдау көрсету жүйесун қалыптастыру» тақырыбы сөз болды.
Конференция барысында «Отандастар қорының» мамандарымен көші-қон тәсілдері, азаматтық алу, тұрақты тіркеуге тұру, қандастарға несие беру жолдары, сертификат алу, кепіл түрлері, пайыздық үстемелер және т.б. туралы егжей-тегжейлі ақпарат айтылып, қандастар сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.