«Отандастар қоры» АҚ-ның бас менеджері Н.Жәлиевтің 2019 жылғы 5-9 тамызда «Диаспоралық саясат және шетелде тұратын қазақтардың мәселелерін зерттеу бойынша жиынтық-талдамалық зерттеулер жүргізу» жобасы аясында Мюнхен қаласына (Германия) жасаған іссапары барсында барлық қатысушыларымен тиімді байланыс орнатылып, мемлекеттік органдар өкілдерінің, ғалымдардың, сарапшылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, қазақ диаспорасының проблемалары бойынша маңызды материалдар жинақталды.
Қазақ диаспорасы өкілдері тарапынан келесі ұсыныстар жасалды:
-
Мюнхендегі қазақ диаспорасы өкілдерінің ортақ мүдделерін ілгерілету мақсатында Қазақстаннан көшіп келген немістермен кездесулер ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу;
-
Қазақстанның жер заңнамасына өзгерістер енгізу арқылы, «Қазақ картасы» аясында қазақ диаспорасы өкілдеріне облыс орталықтарының жақын орналасқан елді-мекенднрден үй алуға және жер табыстауға мүмкіндіктер қарастыру;
-
Германиядағы қазақ диаспорасының жас келіншектерін қазақтың құндылықтары мен салт-дәстүрлерін үйрету, қазақы болмысқа бейімдеу жобасын әзірлеу;
-
Шет елдердегі қазақ диаспоралары жастарына Қазақстанда қазақ тілін, Қазақстан тарихы мен мәдениетін үйрету мақсатында Қазақстандағы шетелдік қазақ жастарын қабылдауға ниетті қазақстандық отбасыларында орналастыру жобасын іске асыру;
-
Германияда қазақ мәдени және іскерлік үйін ашу жобасын іске асыру.
Сонымен бірге, іс-сапар барысында Германияда тұрып жатқан қазақстандық немістердің өкілдерімен кездесулер барысында олардың Қазақстанға деген сағынышы мен ізгі ниеттерін ескере отырып келесі шараларды іске асыру ұсынылады:
-
Жер аударылған немістердің Федералды одағының Бавариялық өкілеттігімен ынтымақтастық іскерлік байланыстар орнату, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру;
-
Германиядағы қазақстандық неміс иммигранттары үшін Қазақстан бойынша жеке туризм бағдарламасын әзірлеу;
-
Мүдделі мемлекеттік органдардың назарын, Қазақстанға келетін әуе жолаушыларының санын ескере отырып, Еуропадан Қазақстанға қатынайтын бәсекеге қабілетті авиарейстерді ұйымдастыруға аудару;
-
Германияға Қазақстаннан көшіп келген немістердің ұйымдық құрылымын құруға ықпал ету.