2019 жылдың соңында Қытайдан бастау алған коронавирустық эпидемия ақыры пандемияға ұласып бүкіл әлемді жалмады. Жұқпалы вирус біздің де елге айтарлықтай зардабын тигізді. Коронавируспен ауырғандардың саны артқан сайын елге қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жетіспеді. Алайда "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, осындай қиын кезеңде жер жерден гуманитарлық көмек келді.
Еліміздегі эпидемиялық ахуалға бей-жай қарамай, көмек қолын созғандардың қатарында шетелдегі қандастарымыз да бар. Жанашыр бауырларымыз аянып қалмай, елдегі жағдайдың тұрақталуына өлшеусіз үлес қосты. Бұл жөнінде кеңірек білу мақсатында осы игі істің басы-қасында жүрген азамат, "Отандастар қорының" вице-президенті Сарбасов Мағауия Қанапияұлымен сұқбаттастық. Тыңдауға шақырамыз!
Дереккөз:: https://qazradio.fm/kz/news/17976/