2020 жылы 18 тамыз Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары, Мемлекеттік арнайы комиссиясының төрағасы Я.Содбатырдың шешімімен, 30 тамыз Нұр-Сұлтан қаласына қосымша миссиялық рейспен ұшақ жіберу жөнінде шешім қабылданды.
Моңғолиядағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Жалғас Жұмаұлының хабарлауынша: Моңғолияның Мемлекеттік арнайы комиссиясының шешіміне сәйкес, Ұланбатыр-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ 30 тамыз күні таңғы сағат 8:00 ұшады. Әр жолаушы өзімен бірге 23 кг жүк алып жүруіне болады. Билет құны 1 миллион төгрөг. 30 тамыз Нұр-Сұлтан-Ұланбатыр бағытындағы билет бағасы 147-150 мың теңге (350 доллар). Моңғолия елшілігіне 250 жолаушы электронды тізімге тіркелген. Тізімге енген жолаушыларға ақпарат жеке-жеке жіберіледі. Аталған күнге үлгермеген жолаушылар үшін қыркүйек айында да қосымша рейстер ұйымдастыру жоспары пысықталуда.
«Нұр-Сұлтан қаласына баратын ұшақ жолда Бишкек қаласына аялдап, шекараның жабылуына байланысты елге жете алмай жатқан 30-дан астам Моңғол азаматтарын алады. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласына барады. Осы рейспен 260 адам Моңғолияға қайтып оралатын болады», - деп хабарлайды Моңғолия үкіметінің реттеуші органы-төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттік сайты.
Ескерту: Моңғолиядағы Мемлекеттік арнайы комиссиясы алдыңғы кезекте жас балалы, аяғы ауыр әйелдер, ауру науқас адамдар, жасы үлкен қарияларды жеткізуге басымдылық береді.