Карантин кезіндегі кәсіпкерлердің мәселесіне қатысты онлайн конференция

21 Сәуір, 2020

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ, «Отандастар қорының» Бизнес және жобалары акселерациялау департаменті және Жамбыл облыстық фронт-офисінің ұйымастыруымен жергілікті кәсіпкер қандастармен онлайн кездесу өтті.

Онлайн кездесуге «Отандастар қоры» КЕАҚ-тың Қандастастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заут, Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің мамандары Талант Мағжаев, Қайрат Каратаев «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ-ның Жамбыл облыстық филиалының басшысы Төлебаев Арқабек және облыстағы қандас кәсіпкерлер  арасынан 12 адам қатысты.  

Болат Заут жиынның мақсаты әлемде және елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты, індет кезінде кәсіпкерлердің жұмысын жүйелеу екенін айрықша атап өтті.
 
Сөз алған  кәсіпкерлер өз жұмыстары туралы қысқаша айтып, карантин кезіндегі жағдайлары жөнінде баяндап берді. Көтерілген мәселелер арасында карантин салдарынан жұмыстың тоқтап тұрғаны, мемлекеттен берілетін 42500 теңге әлеуметтік төлем көмектің берілу механизмі сөз болды.

Сондай-ақ қандас кәсіпкерлер бірігіп, ауданда маска тегіп таратумен қатар, қолдан келгенше мұқтаж адамдарға көмектесіп жатқандарын да жеткізді.

Онлайн кездесу аясында кәсіпкерлер ұсыныс-тілектерін де айтты. Облыстық филиал басшысы, фронт-офис сарапшысы  Арқабек Төлебаев айтылған мәселелердің кейбірі жергілікті мемлекеттік мекеме басшыларының араласуымен шешілетінін және бірлесе жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Сөз сонында Болат Заут айтылған ой-пікірлердің барлығы ескеріліп, кез-келген сұрақпен «Отандастар қорының» мамандарына жүгінуге болатынын айтты.

Карантин кезіндегі кәсіпкерлердің мәселесіне қатысты онлайн конференция