«Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді» дегендей бүгінгі мүмкіндікді пайдаланып, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры», «HAZIFA» шеберлік мектебі онлайн тегін шеберлік курсын ұйымдастырды. Курсқа Моңғолия, Иран, Ресей, Өзбекстан, Швеция, Финляндия сынды шетелдердегі қандастарымыз қатысып ризашылықтарын білдіруде. Тігін курсы карантин режимінде үйде отырған барша қандастарымыздың уақытын тиімді өткізуіне арналған.
Қазіргі уақыт талабына сай бірінші сабақтың тақырыбы бетперде (маска) пішіп тігу болды. Бүгінгі таңда жаппай таралып, бүкіл әлемді жаулаған індеттен қорғанудың басты әдісі және бетпердеге сұраныс жоғары болғандықтан оны үйде өз қолымызбен тігу сабағын бірінші өткіздік. Бастапқыда қатысушыларымыз ZOOM бағдарламасы арқылы тамашалап үйренді. Алайда көпшіліктің сұранысына байланысты сабақтарымызды Инстаграмда hazifa_otandastar_mektebi парақшасына тікелей эфирге алмастырдық.
Бүгінгі таңда онлайн шеберлік курсының 3 сабағы өтті. Жоспар бойынша оқуымыз аптасына үш рет, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де болады, 8 сәуірде өткен сабақта бас орамал тюрбан пішіп тігу сабағы өтті.
Шеберлік мектебінің жетекшісі Мухаметқали Қазипа Қалиқызы методикасының ерекшілігі жаңадан үйренуге талпынғандарға жеңіл әрі қолжетімді әдіспен үйретеді. Курста үйретілетін бұйымдарды тігудің күрделілігіне қарай бір немесе екі сабақ бөлінеді. Қандастардың сұранысына қарай жоба болашақта да жалғасатына сенімдіміз.
Тегін онлайн курсқа қатысушылар саны шектелмеген, курсқа келесі Инстаграм парақшасы арқылы тіркеліп қосылыңыздар: @hazifa_otandastar_mektebi
Жақынымыз да, алысымыз да, барлығымыз бір болайық, үйде болайық бірге болайық, ағайын!
Ақпаратты мына телефон номерлерінен алуға болады: 87023823808. 87750858568.