Қазіргі кезде дүниежүзіне тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қорының» Ақпараттық қолдау орталығына өз жұмысын жалғастыруда. Төменде 2020 жылғы 30 наурыздан 3 сәуір аралығында қандастардан Фронт-офиске жиі қойылған сұрақтар тізімі:
1. Жұмыссыздыққа тіркелу;
2. Әлеуметтік көмекті, яғни 42500 теңгені оралман мәртебесі барлар ала ма?
3. Әлеуметтік көмекті ықтиярхаты бар азаматтар ала ма?
4. Тұрақты тіркеуді ұзарту;
5. Сауда тоқтаған жағдайдағы жеңілдіктер және салық төлемін кешіктіру жолы;
6. Кәсіпкерлерге қандай жеңілдік бар?
7. Зейнетақы алу мәселесі;
8. Визаның уақыты өтіп кеткендегі жағдай;
9. Әлеуметтік көмек алу үшін тіркелу;
10. ҚХР-дан ақпан айында көшіп келген 7 отбасының құжаттары карантинге байланысты тоқтап қалды;
11. Кәсіпкер өзіне серіктес іздейді немесе мемлекеттен қандай жеңілдік бар?
12. Азаматтыққа құжат тапсыру;
13. Оралман куәлігінің мерзімін ұзарту;
14. Уақытша тіркеу уақытының аяқталуы;
15. ҚХР-дан келген азаматтардың құжаттарының аударма мәселесі.
Еске сала кетейік, еліміздегі қандастар мен шетелде тұратын қазақтар өз сұрақтарын 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) нөміріндегі Байланыс-орталығына хабарласып, қоя алады.