14 қараша күні Астанада дипломаттар мен халықаралық ұйым қызметкерлері арасында Diplomatic Chess Cup 2026 шахмат турнирі өтті.
Coventry University Kazakhstan кампусында 14 елдің және 11 халықаралық ұйымның 43 өкілі бақ сынады. Олардың қатарында елшіліктер мен консулдықтардың, Еуропалық одақ делегациясының, БҰҰДБ, ДДҰ, ФАО, ЕҚЫҰ мен АӨСШК хатшылығының қызметкерлері болды.
Әйелдер арасында ең жоғары нәтижені Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Отандастар» қорының өкілі Лашын Жанарбек көрсетті!
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Шахмат та дипломатия сияқты сабырды, алысты болжай білуді және дұрыс шешім қабылдауды талап етеді. Лашынның бұл жетістігі соның айқын дәлелі.
.jpeg)