Торонтода қазақ өнерінің жарқын жұлдыздары бір сахнада бас қосады

Кеше

Құрметті отандастар!

Сіздерді қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың, аты аңызға айналған «Ұлытау» этно-рок тобының, сондай-ақ Қарақат Әбілдинаның талантты шәкірттерінің қатысуымен өтетін ерекше концертке шақырамыз!

🎶 Кеш бағдарламасында қазақтың халық әндері, заманауи эстрадалық туындылар мен этно-рок шығармалары орындалады. Домбыраның күмбірі, жетігеннің сырлы сазы мен заманауи музыкалық ырғақтар үйлесім тауып, көрерменге ерекше әсер сыйлайды.

✨ Бұл – қазақтың бай музыкалық мұрасымен жақынырақ танысып, сүйікті әндерді тыңдап, достарыңызбен және жақындарыңызбен бірге әсерлі кеш өткізудің тамаша мүмкіндігі!

Торонто, қазақ музыкасын бірге қарсы алайық!

📍 Өтетін орны: The Parkdale Hall
1605 Queen St W Ste 3, Toronto, ON M6R 1A9, Canada
📅 Күні: 19 қараша
🕖 Уақыты: 18:00
📍 Кіру тегін!
Алдын ала тіркелу қажет
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfF05g-MauxwQLv_eH43V7fTwyLKgdy-XECbcLYYPzGrgahBQ/viewform

Торонтода қазақ өнерінің жарқын жұлдыздары бір сахнада бас қосады