Астана, 2026 жылғы 7 қараша. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Отандастар кездесуі: Жастар форумы» өтті. «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» деген атаумен ұйымдастырылған шараға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден келіп, Қазақстанда білім алып жатқан 500-ден аса қандас студент қатысты. Ашық диалог, мотивациялық сессиялар және networking форматында өткен іс-шара жастарды Қазақстандағы білім, еңбек және кәсіби даму мүмкіндіктерімен таныстыруға арналды.
Форумның мақсаты – қандас студенттердің кәсіби және жеке әлеуетін ашуға, олардың Қазақстан қоғамына табысты интеграциялануына және білім, еңбек, кәсіпкерлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына жағдай жасау. Шараның негізгі идеясы: «Сен Қазақстанға жай ғана оқуға келген жоқсың. Сен – Қазақстанның жаңа толқынысың!», ал ұраны – «Арман ет. Мақсат қой. Әрекет ет. Нәтижеге жет».
Форумның салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлан Жетібаев және «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Ырысқали Дәуренбек, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығы қатысушыларды құттықтады.
Форум бағдарламасы аясында төрт мотивациялық сессия өтті:
Сессиялардан кейін спикерлер мен студенттер арасында ашық пікірталас өтті. Қатысушылар білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік және Қазақстандағы мүмкіндіктер жөнінде сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан практикалық кеңес алды.
Форум соңында «OQ-startup» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау форум қарсаңында қандас студенттер арасындағы инновациялық, әлеуметтік және шығармашылық идеяларды анықтау және қолдау мақсатында өткізілді.



