Шетелдегі қазақ қаламгерлерінің 5 еңбегі «Ұлы Дала» сериясына енді

14 Қыркүйек 2026

«Отандастар қоры» КеАҚ жүзеге асырып келе жатқан «Ұлы Дала» халықаралық кітаптар сериясы шетелдегі қазақ қаламгерлері мен зерттеушілерінің шығармаларын жинақтап, ұлттық әдеби және ғылыми мұраны дәріптеуге бағытталған.

2026 жылғы іріктеу қорытындысы бойынша Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Қытайда тұратын қазақ авторларының бес еңбегі кітаптар сериясына енгізу үшін таңдалды:

📚 Зұрғанбайұлы Рысбек — «Моңғолия қазақтары: саяси нәубет және тарихи жады» (Моңғолия);

📚 Жазитхан Әуелхан — «Құт мекенім – Қосағаш» (Ресей);

📚 Ибрагимов Құлназар — «Жыр өткелі» (Өзбекстан);

📚 Жанболатов Сұлтан — «Таластағы жанталас» (Қытай);

📚 Ағыпар Бәкей — «Микроэкономика» (оқулық) (Моңғолия).

Таңдалған еңбектерді «Қазақ әдебиеті» баспасы жарыққа шығарады. «Ұлы Дала» халықаралық кітаптар сериясы арқылы шетелдегі қазақ авторларының еңбектері Қазақстан оқырмандарына жол тартып, елден жырақтағы қазақ сөзінің, тарихы мен танымының ортақ рухани кеңістікте тоғысуына мүмкіндік береді. 

Шетелдегі қазақ қаламгерлерінің 5 еңбегі «Ұлы Дала» сериясына енді