«Отандастар қоры» КеАҚ мен Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Кеше

«Отандастар қоры» КеАҚ мен Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандум аясында тараптар педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, халықаралық білім саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ.

Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы 2014 жылдан бері педагогтерге арналған тренингтер мен халықаралық педагогикалық турлар ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар ассоциация балалар шығармашылығына қолдау көрсетіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтетін жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Ассоциация жетекшісі Лариса Алдаберген – тәжірибелі педагог әрі қоғам белсендісі. Бүгінде ол білім беру саласымен қатар қазақ мәдениетінің халықаралық деңгейде насихатталуына жүйелі түрде үлес қосып келеді.

Алдағы уақытта тараптар шетелдегі қазақтармен білім беру бағытындағы байланысты дамытып, педагогтер арасында тәжірибе алмасуды дәріптейтін жобаларды жүзеге асырмақ.

«Отандастар қоры» КеАҚ мен Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды