«Қоғамдық лекция» жобасының екінші спикерін қарсы алыңыздар
Жобамыз аясында оқырмандар мен студенттер үшін бірегей тәжірибесімен бөлісетін келесі қонағымыз — белгілі отандық дипломат Ержан Серікұлы Мұқаш.
Ержан Серікұлы — халықаралық аренада еліміздің мүддесін абыроймен қорғап жүрген саңлақ мамандардың бірі. Ол қазіргі уақытта Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады және Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2014-2019 жж.).
Спикеріміз жылдар бойы ҚР Сыртқы істер министрлігінде жауапты лауазымдарды атқарып, Египет, Түркия, Әзербайжан, Ливия, Оман және Иран елдеріндегі Қазақстан елшіліктерінде, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдарда жемісті қызмет еткен.
Лекцияның негізгі тақырыптары:
— Араб және Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі геосаяси жағдай;
— Бұл аймақтардың Қазақстанмен арадағы дипломатиялық, экономикалық байланыстары;
— Халықаралық ұйымдардағы жұмыстың қыр-сыры.
Күні: 9 маусым
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)
Қатысу үшін тіркеліңіз: +7 775 510 5191 (What's App)
Таяу Шығыс саясаты мен үлкен дипломатияның қоржынындағы құнды ақпараттарды бірінші болып есту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!