«JAS STEM QAZAQ» халықаралыө дарынды оқушылар байқауы

Кеше

🌍 «JAS STEM QAZAQ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫ

📚 Оқуда жеткен жетістіктеріңмен бөлісіп, жазғы лагерьге жолдама ал!

✨Байқауға 11–15 жас аралығындағы шетелде тұратын қазақ диаспорасының балалары қатыса алады.

📄 ҚАТЫСУ ҮШІН:
* Еркін форматтағы анкета: анкетада қатысушының аты-жөні, жасы, азаматтығы, бағыты, қандай пәннен қандай олимпиададан алған жетістіктері қысқаша жазылып, байланыс нөмірі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс;

* Математика, физика, химия, биология, робототехника, IT және бағдарламалау бойынша халықаралық, республикалық немесе қалалық деңгейдегі олимпиадаларда жүлделі орын алғанын растайтын сертификаттар мен дипломдар;

* Шетел паспортының көшірмесін жіберу қажет.

🏆 Жеңімпаздар халықаралық, республикалық және өзге де STEM бағытындағы олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы жетістіктері, сондай-ақ ұсынылған құжаттары негізінде анықталады.

🎁 ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛҒАН 15 ҚАТЫСУШЫҒА
«JAS QAZAQ–2026» ЖАЗҒЫ ЭТНО-ЛАГЕРІНЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ!

✨ Жолдама мыналарды қамтиды:
* екі апталық лагерь бағдарламасы
* тұру мен тамақтану
* түрлі мәдени-спорттық іс-шараларға қатысу

⚠️ Лагерьге барып-қайту жол ақысы қатысушы есебінен төленеді.

📅 ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: 2026 ЖЫЛҒЫ 28 МАМЫРҒА ДЕЙІН

📧 Құжаттар электронды пошта арқылы қабылданады: oq.govkz@gmail.com

«JAS STEM QAZAQ» халықаралыө дарынды оқушылар байқауы