Қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай шетелде тұратын қазақ диаспорасы балалары арасында «Спортшылар жарысы» жарияланады!
Байқауға 11–15 жас аралығындағы шетелде тұратын қазақ диаспорасының балалары қатыса алады.
Қатысу үшін:
– Қатысушы туралы еркін форматтағы анкета жіберу;
– Спорттық жетістіктерін растайтын сертификаттар мен дипломдарды тіркеу;
– Шетел паспортының көшірмесін қоса жіберу қажет.
Анкетада: аты-жөні, жасы, азаматтығы, айналысатын спорт түрі, спорттық дәрежесі (бар болса) және байланыс нөмірі көрсетілуі тиіс. Жеңімпаздар қатысушылардың спорттық жетістіктері, марапаттары, жарыстарға қатысу белсенділігі (халықарылық, мемлекеттік, облыстық, қалалық жарыстарда жүлделі орын алуы) және ұсынылған құжаттар негізінде анықталады.
Құжаттар 2026 жылғы 28 мамырға дейін: oqbilim@gmail.com эл-поштасында қабылданады.
Үздік 10 қатысушы «JAS QAZAQ–2026» жазғы танымдық этно-лагеріне жолдама алады! Жолдама – екі апталық лагерь бағдарламасын; – тұру мен тамақтануды; – түрлі мәдени-спорттық іс-шараларға қатысуды қамтиды.
Лагерьге барып-қайту жол ақысы қатысушы есебінен төленеді.
Жеңімпаздар қатысушылардың спорттық жетістіктері, марапаттары және жарыстарға қатысу белсенділігі негізінде анықталады.
Жарысқа қатысып, жолдама жеңіп ал!