Еуропа қазақтарының кездесуі: Париж – 2026

Кеше

Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі, «Отандастар қоры» КеАҚ және Қазақ-француз-түрік қауымдастығы (AKFT) бірлесіп, 2026 жылғы 22 мамырда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Париж қаласында өткізетін Еуропа қазақтарының басқосуына шақырады.

Іс-шара Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ресми, мәдени және іскер делегациясының қатысуымен өтеді. Жиынның мақсаты – Еуропадағы қандастар мен отандастарды бір алаңға біріктіру, өзара байланысты нығайту және ұлттық бірегейлікті дәріптеу.

Басқосуға қатысуыңызды міндетті түрде https://forms.gle/vd5Z4LSCeu69am988 сілтемесі арқылы растауды сұраймыз.

Өтетін орны: Париж қаласы, ҚР Елшілігінің ғимараты (3 rue de Tilsitt, 75008 Paris)

Күні мен уақыты: 2026 жылғы 22 мамыр, сағат 11:00-15:00.

Сонымен қатар Еуропалық қазақтардың басқосуы аясында:

22 мамырда сағат 9:00-10:00 - Ножан-сюр-Марн қаласында Мұстафа Шоқайдың жаңартылған бюстінің ашылуы өтеді.

Мекен-жайы: https://maps.app.goo.gl/nkFNgu58oaiHurZ68?g_st=iw

23 мамырда - Қызылорда облысы филармониясының концерті.

Өткізу орны мен уақыты қосымша хабарланады.

Еуропа қазақтарының кездесуі: Париж – 2026