Үндістан және Непал елдерімен білім және жастар саласындағы ынтымақтастық нығая түсті

09 Сәуір 2026

Бүгін ҚР СІМ қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ-ның білім және жастар бағыты бойынша маманы Лашын Жанарбек Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Үндістан және Непал елдеріндегі мәдени-гуманитарлық ұйымдардың өкілдерімен маңызды кездесуге қатысты.

Аталған кездесу шетелдегі отандастармен байланысты нығайту, білім беру және жастар саясаты бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру көрмелерін шетелде өткізу, қазақстандық білім беру мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ шетелдік талапкерлерді тарту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, жастарға арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу бағдарламаларын дамыту, тағылымдамалар ұйымдастыру және халықаралық деңгейде жастардың кәсіби әлеуетін арттыру бағытындағы бастамалар қарастырылды. Тараптар білім беру, мәдени-гуманитарлық және жастар салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі жүйелі түрде дамытуға өзара қызығушылық танытты.

Үндістан және Непал елдерімен білім және жастар саласындағы ынтымақтастық нығая түсті