15 наурыз Наурызнама онкүндігі аясында – Қайырымдылық күні

Кеше

Қайырымдылық күні мейірім мен жанашырлықты, адамгершілік пен кеңпейілдікті дәріптейтін тағылымды мереке. Қоғамда өзара қолдау көрсету, мұқтаж жандарға қамқор болу, жақсылық жасау секілді ізгі қасиеттердің маңызын арттыра түсетін ерекше күн.

Қайырымдылық халқымыздың сан ғасырлық рухани құндылықтарының бірі саналады. Қол ұшын созу, жанашырлық таныту, айналаға жылулық сыйлау ұлт болмысына тән асыл қасиеттердің көрінісі.

Қайырымдылық күні жүректерге мейірім ұялатып, игі істердің көбейе беруіне жол ашсын. Баршаңызға амандық, береке және жақсылыққа толы күндер тілейміз. 

15 наурыз Наурызнама онкүндігі аясында – Қайырымдылық күні