14 наурыз – Көрісу күні. Амал мерекесі – қазақ халқының сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Көктемнің келуімен бірге адамдар бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, ақжарма тілектерін арнайды.
Осы күннен бастап халқымыздың көктемгі жаңару мен жақсылыққа бастайтын ерекше кезеңі – Наурызнама онкүндігі бастау алады. Бұл күндер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға арналған.
Көрісу күні – реніш ұмытылып, көңілдер табысатын, адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, жылы ықыласын білдіретін ерекше сәт. Бұл дәстүр халқымыздың кең пейілі мен берекелі бірлігін айқындай түседі.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз. Әр шаңыраққа амандық, құт-береке, молшылық пен қуаныш тілейміз. Көктеммен бірге келген бұл мереке жүректерге жылу сыйлап, ел ішіне татулық пен игілік әкелсін.