3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күні

Кеше

Құрметті қаламгерлер!

Сіздерді Дүниежүзілік жазушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жазушы – ұлт руханиятының тірегі, сөз өнері арқылы тарих пен тағдырды сөйлететін тұлға.

Осы бағытта Отандастар қоры мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Ұлы дала» жобасының орны бөлек. Жоба шетелдегі қазақ қаламгерлерінің шығармаларын елге таныстырып, әдеби сабақтастықты нығайтуға үлес қосып келеді.

Жоба аясында 2023 жылы – 10, 2024 жылы – 9, 2025 жылы – 9 кітап жарық көрді.

Баршаңызға шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілейміз

3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күні