Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Алғыс айту күні – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің, өзара құрмет пен шынайы сыйластықтың терең мәнін айқындайтын тағылымды мереке. Бұл күн тағдыр талайымен қазақ жеріне қоныс аударып, кең пейілді қазақ халқынан пана тапқан түрлі этнос өкілдерінің ризашылық сезімін білдіретін, достық пен татулықты дәріптейтін айрықша күн.
Осы мерейлі күні жүрегіміздегі алғыс сезімін ата анамызға, ардақты ұстаздарымызға, әріптестеріміз бен достарымызға, сондай ақ туған жерімізге арнайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бірлігіміз бекем, берекеміз арта берсін!