Өзбекстанда қазақ тілінде шығатын «Нұрлы жол» республикалық газетінің 35 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

26 Қаңтар 2026

Отыз бес жыл – бұл бір басылым үшін үлкен еңбек жолы, жауапкершілік пен табандылықтың айқын көрінісі. 1991 жылдан бері «Нұрлы жол» газеті Өзбекстандағы қазақ қауымдастығының рухани өмірінде ерекше орын алып, ана тілімізді, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұрамызды сақтауға және дамытуға зор үлес қосып келеді.

Басылым беттерінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелермен қатар әдебиет пен мәдениетке кеңінен орын берілуі – ұлт руханиятына деген шынайы жанашырлықтың белгісі. Газет ұжымының еңбегі арқылы шетелдегі қандастарымыз ел жаңалығынан қол үзбей, қазақ тілінде сапалы ақпарат алып отыр.

Осы мерейлі мерекеде сіздерге шығармашылық шабыт, зор денсаулық, ұжымға береке-бірлік пен жаңа табыстар тілеймін. «Нұрлы жол» газеті оқырманымен бірге жасай берсін, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта берсін!

Өзбекстанда қазақ тілінде шығатын «Нұрлы жол» республикалық газетінің 35 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!