Бүгін AiTiM Group компаниясының басшысы Айнұр Ерікқызымен жоспарлы жұмыс кездесуі өтті. Кездесуде оның ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Испания Корольдігінің Хаен университетінде өткен халықаралық конференцияны және Геральдика академиясымен рәмізтану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырудағы тәжірибесі атап өтілді.
Кездесудің негізгі мақсаты - 2026 жылдың 25–26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында өтетін «Білім көрмесін» ұйымдастыруға қатысты дайындық жұмыстарын талқылау болды. Көрменің тұжырымдамасы, форматы, қатысушылар құрамы және ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Аталған көрме жастарға кәсіби бағдар беруге және отандық әрі шетелдік білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған. Кездесу қорытындысында іс-шараны жоғары деңгейде өткізу бойынша негізгі бағыттар айқындалды.