“Абай мұрасы” номинациясы бойынша жеңімпаздың мақаласы жарық көрді

16 Қазан 2025

“Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен” халықаралық медиа байқауының “Абай мұрасы” номинациясы бойынша жеңімпаз атанған отандасымыз Арухан Ақпанбетова “Нұрлы жол” газетінде кең көлемді мақала жариялады.

Материалда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, “Отандастар қоры” КеАҚ-ның қызметі мен 2–8 қазан күндері Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында өткен мәдени-танымдық экскурсиялардың мазмұны кеңінен баяндалған.

“Абай мұрасы” номинациясы бойынша жеңімпаздың мақаласы жарық көрді