2025 жылғы 4 қараша күні «Отандастар қоры» кеңсесінде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD Жандос Бекділдаұлы Болдыков, ғылыми бөлім жетекшісі Камшат Пазылқызы, және ғылыми бөлім қызметкері Гүлсім Бисенова ханымның қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта өзара серіктестікті дамыту, шетелдегі қазақтармен мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту, сондай-ақ бірлескен кітаптар мен ғылыми басылымдарды жарыққа шығару мәселелерін талқылады.
Келіссөздердің нәтижесінде ұйымдар өзара әріптестікті тереңдету және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаласты. Сонымен қатар, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспары қарастырылды.