«ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛДІК БАҚ КӨЗІМЕН»: ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Кеше


2025 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде шетелдік журналистер арасында дәстүрлі түрде өтетін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық медиа байқаудың X мерейтойлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам жұмыс ұсынылып, қатысушылар өз материалдарында Қазақстанның цифрландыру, экономика, туризм, спорт, мәдениет және тарих салаларындағы жетістіктерін кеңінен көрсетті. Жеңімпаздар қатарында АҚШ, Армения, Бельгия, Өзбекстан және Пәкістан журналистері бар.

Байқау жеңімпаздары:
•⁠  ⁠Арухан Ақпанбетова (Өзбекстан)
•⁠  ⁠Мэтт Фицджеральд (АҚШ)
•⁠  ⁠Марианна Мкртчян (Армения)
•⁠  ⁠Дерья Сойсал (Бельгия)
•⁠  ⁠Мұхаммад Али Паша (Пәкістан)
Биылғы жылы байқаудың серіктесі ретінде «Отандастар қоры» КеАҚ қатысып, «Абай мұрасы» номинациясы бойынша жеңімпазды марапаттады.  Аталған номинацияға 20 елден 35 өтінім келіп түсті. Қазылар алқасы құрамына «Отандастар қоры» өкілдерімен қатар «Egemen Qazaqstan», «Turkistan» және «Aiqyn» газеттерінің тәжірибелі журналистері мен медиа сарапшылары енді. Нәтижесінде Өзбекстандағы қазақтілді «Нұрлы жол» газетінің тілшісі және Мәдениет, білім және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Арухан Ақпанбетова жеңімпаз атанды. 

Жеңімпазға «Отандастар қоры» тарапынан бағалы сыйлық табысталса, ал Министрлік тарапынан байқау жеңімпаздары 2-8 қазан күндері Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларында өтетін мәдени бағдарламаға қатысады.

«ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛДІК БАҚ КӨЗІМЕН»: ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ