Отандастар қоры өкілдері Ташкент қаласында өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

10 Тамыз 2025

 

Ташкент қаласында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Өзбекстан Жазушылар одағы, Өзбекстан Ұлтаралық және шетелдегі отандастар мәселелері жөніндегі комитет, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция жұмысына “Отандастар қоры” КеАҚ Коммуникация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарушы директоры Ержан Мұқаш қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол Абай мұрасының қазақ және өзбек халықтарының мәдени байланыстарын нығайтудағы маңызын атап өтті.

Шара аясында қатысушылар Ташкенттегі Абай ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойып, ұлы ойшылдың рухына тағзым етті.

 

 

​​​​​​​

Отандастар қоры өкілдері Ташкент қаласында өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шараға қатысты