- 2025 жылғы 16-18 маусым күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының III Диаспора жастары форумы өтті. «Шекарасыз мұра: болашақты қалыптастыратын диаспораның жас көшбасшылары» тақырыбындағы форумға Қазақстан атынан «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.
-
- Форумның бас ұйымдастырушылары – Өзбекстан Республикасының Жастар ісі агенттігі және Мәдениет министрлігі жанындағы Ұлтаралық қатынастар және шетелдік елдермен достық байланыстар комитеті.
-
- Жиынға Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Венгрия, Франция және Германияда тұратын түркі диаспорасының жас көшбасшылары қатысты. Форум аясында қатысушылар мәдени ынтымақтастық, жастар саясаты және диаспораларды қолдау саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
-
- Ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасы Ұлтаралық қатынастар және шетелдік елдермен достық байланыстар комитеті төрағасының орынбасары Олим Нарзуллаев, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшы орынбасары Өмер Кожаман сөз сөйлеп, форумның маңыздылығын ерекше атап өтті.
-
- Сессияда «Отандастар қоры» КеАҚ баспасөз хатшысы Алжан Шарипов екі ел арасындағы этникалық жақындық пен мәдени ықпалдастықты атап өтіп, мынадай ұсыныс айтты:
«Өзбекстанда 1 миллионнан астам қазақ, ал Қазақстанда 600 мыңнан аса өзбек тұрады. Олар – екі ел арасындағы бауырластық көпірі. Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықты арттыра отырып, мен ТМҰ жас сарапшылар мектебін құруды ұсынамын. Жас эксперттер мемлекетаралық байланысты дамытуға тың идеялар мен нақты шешімдер ұсынатынына сенемін».
- Форум барысында өткен екіжақты кездесулерде «Отандастар қоры» өкілдері шетелдегі қазақ жастарын қолдау, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады. Қазақстанда жоғары білім алуға ниетті этникалық қазақтарға арналған білім гранттары, жеңілдіктер мен қолдау шаралары туралы кең ауқымды ақпарат ұсынылды.
-
- Форумға қатысушылар тек сөз жүзінде ғана емес, болашаққа нақты идеялар мен ұсыныстар ұсынды. Түркі елдерінен келген делегаттар өз елдеріндегі диаспора саясаты, жастардың әлеуетін арттыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, Әзербайжан, Түркия, Түрікменстан, Венгрия, Қырғызстан өкілдері жастар ұйымдарының табысты жобаларын таныстырды.
-
- Форум қорытындысы бойынша, қатысушылар ұсынған идеялар негізінде бірқатар практикалық шешімдер қабылдануы жоспарланып отыр.
.jpg)
.jpg)
.jpg)

- «Отандастар қоры» КЕАҚ Баспасөз қызметі
- Кері байланыс үшін:
- Алжан Шарипов (баспасөз хатшысы)
- +7 775 510 5191
- alzhan.sharipov@gmail.com