Ыстанбұлдағы Мимар Синан университетінің профессоры, белгілі тарихшы ғалым Әбдуахап Қара мырза Астанаға жұмыс сапары аясында “Отандастар қорына” арнайы келді.
Жылы ахуалда өткен жүздесуде Түркиядағы қандастарымыздың жай-күйі, бауырлас елдеріміздің арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың болашағы жайында өзара пікір алмасылды.