2025 жылғы 16 маусымда «Отандастар Қорында» белгілі қаламгер, Өзбекстан Республикасы «Тұран» ғылымдар академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор Қалдыбек Сейдановпен кездесу өтті.
Кездесу барысында профессор Қ.Сейданов өзінің «Абай және Орта Азия әдебиеті» атты монографиясын таныстырды. Осыған орай, қандас автордың «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен жобасы - «Ұлы Дала - 2025» халықаралық кітап шығару байқауы аясында аталған еңбекті басып шығару, тарату және ілгерілету мәселелері талқыланып, ғылыми-ағартушылық бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары қарастырылды.