2025 жыл, 7 мамыр күні Зарафшан қаласында "Отандастар қорының" ұйымдастыруымен қазақстандық университеттердің білім көрмесі өтеді!
Қатысу - тегін.
7 мамыр, сағат 10:00
Зарафшан қаласы, Студенттер сарайы
Қазақстанның үздік университеттері Өзбекстанда! Кел, таныс, сұрақ қой, таңда!
Гранттар;
Оқуға түсу шарттары;
Университет өкілдерімен тікелей байланысу мүмкіндігі.
Іс-шара Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің, Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының қолдауымен және “Отандастар қоры” КЕАҚ ұйымдастыруымен өткізілуде.
Жоғары білімге алғашқы қадамыңды бірге бастайық!