Қандас кәсіпкерлердің кездесуі

16 Сәуір 2025

2025 жылғы 15 сәуірде "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ ұйымдастыруымен өткен "Кәсіп иесі- 2025" Халықаралық кәсіпкерлер форумы аясында "Отандастар Қоры" КеАҚ кеңсесінде Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қандас кәсіпкерлердің маңызды кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар ұлттық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ТМД елдерінде бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ жаңа бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, ұлттық сән, қолданбалы өнер және мәдени кештерді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Қандас кәсіпкерлердің кездесуі