TRT холдингінің Қазақстандағы өкілдігі мен «Отандастар қоры» КеАҚ арасындағы әріптестік мәселелері талқыланды

14 Ақпан 2025

2025 жылғы 13 ақпандаТүркияның TRT телерадио холдингінің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Мехмед Захид Чалышкан мен «Отандастар қоры» КеАҚ коммуникация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарушы директоры Ержан Серікұлы Мұқашарасында мазмұнды кездесу өтті. Басқосу барысында екіжақты әріптестік байланыстарды нығайту, бірлескен жобалар мен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында М.З.Чалышкан мырзағашетелдегі этникалық қазақ авторларының «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен «Ұлы дала»жобасы аясында шығарылған кітаптары сыйға тартылды.

🔹  Ақпарат үшін:

TRT – Түркияның мемлекеттік телерадиокорпорациясы, халықаралық деңгейде ақпарат тарату және мәдени жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

TRT холдингінің Қазақстандағы өкілдігі мен «Отандастар қоры» КеАҚ арасындағы әріптестік мәселелері талқыланды