Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы

10 Ақпан 2025

 Халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауының толық ережесін қарау үшін басыңыз: «Әлқисса»


Қатысу мерзімі:
 Өтінім қабылдау: 1 ақпан – 20 наурыз 2025ж.
 Қазылар алқасының қарауы: 21 – 26 наурыз
 Жеңімпаздарды марапаттау: 1 сәуір, Астана қ.

 Қатысу шарттары:
 Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас
 Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау
 Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды
 Өтінімдер Oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.

 Бейнежазбаға қойылатын талаптар:
 Ұзақтығы 1 минуттан кем емес, 5 минуттан көп емес
 Күй басталмас бұрын:
-Амандасу;
-Аты-жөні, жасы және тұратын елі туралы айту;
-Орындайтын күйінің атын айтуы қажет.
 Бейне мен дыбыс сапасы жақсы болуы тиіс
 Киім үлгісі: қазақша
 Қатысушы өз бейнежазбасының әлеуметтік желілерде жариялануына келісім береді
 Орындауға болатын күйлер:
«Алтын дән»,  «Ата толғауы», «Аңсау», «Темірбектің төкпесі», «Әлқисса»,  «Баламишка»,  «Аққу», «Көңілді бикеш», «Теріс қақпай», «Арман» және Н. Тілендиевтің нұсқасындағы халық күйі «Ақсақ құлан».

 Сыйлықтар:

 18-25 жас санаты:
Гран-при: 400 000 теңге, Домбыра, Кітап
 1-орын: 250 000 теңге, Домбыра, Кітап
 2-орын: 100 000 теңге, Домбыра, Кітап, Шапан
 3-орын: Домбыра, Кітап, Тоғызққұмалақ

 12-17 жас санаты:
 1-орын: Ноутбук
 2-орын: Планшет
 3-орын: Смартсағат
 ҮЗДІК-10 қатысушыға «Жас қазақ» этно-лагеріне тегін жолдама

 

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы